02 сәуір 2019 | 11:04

"Қызылорда аруы-2019" байқауының жеңімпазы анықталды

© instagram/alma_abenova

Қызылордада өңірлік сұлулық байқауында 16 жастағы Камила Серікбай жеңімпаз атанды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Қызылордада өңірлік сұлулық байқауында 16 жастағы Камила Серікбай жеңімпаз атанды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Қаланың ең сұлу қызы атағына 14 қыз таласты. Іріктеу кезеңі былтыр қарашада өткен. Осы уақыт аралығында қатысушылар кәсібилерден білім алды. Олар дефилеге шығу, билеу және сахнада өзін ұстау тәртібін үйренді. Қыздрдың барлығы мықты дайындалып, байқауда жеңімпаз атануға барын салды. 

Реклама
Реклама

Қызылордалық Нұрай Тәңірберген байқауға үлкен жауапкершілікпен қарады. Қазір 17 жастағы қыз химия-биология факультетінде оқиды. Алайда, өз болашағын сахнамен байланыстырады. Танымал әнші болуды және қазақстандықтардың жүрегін жаулап алуды армандайды.

"Мен осы байқауға қатысатыныма өте қуаныштымын. Мен кастингтен өттім, үздік мамандардан білім алдым. Мен үшін бұл үлкен жетістік. Шығармашылық кезеңде мен "Ақ Баян" халық әнін шырқадым. Болашақта танымал әнші боламын деп үміттенемін. Маған музыкамен айналысқан ұнайды", - деді ол.


Нұрай Тәңірберген

Байқаудың барлық қатысушыларын туған-туыстары мен жақындары қолдады. Шақырылған қонақтар арасында 2017 жылғы "Қызылорда аруы" Гүлнұр Нұртаза да болды. Жеңістен кейін жас қыз жобаның республикалық кезеңіне қатыса алмады. Биыл ол бос орынды толықтыруды жоспарлап отыр.

"Екі жыл бұрын отбасы жағдайына байланысты осы байқауға қатыса алмадым. Жобаның ережелері бойынша бір өңір екі қатысушы бола алады. Сондықтан биыл мен "Қазақстан аруы - 2019" байқауына қатысқым келеді. Менің жерлестерім мені қолдайды деп үміттенемін", - деді сұлулық ханшайымы.


Гүлнұр Нұртаза

"Қызылорда аруы - 2019" байқауы төрт кезеңнен тұрды. Бірінші айналымда қатысушылар көрермендерді қарсы алды. Олар өздері туралы қысқа метражды роликтер дайындады. Шығармашылық турда қыздар өз өнерлерін көрсетті: ән айтты, би биледі, өлең оқыды және сахналық бейнелерді көрсетті. Қазылар алқасының құрамында дизайнерлер, модельдер, сондай-ақ "Қазақстан аруы-2016" Гүлбану Әзімханова болды.


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная