ПОДЕЛИТЬСЯ
21 қыркүйек 2022 | 15:49
"Павлодар аруы - 2022" байқауының иегері анықталды
Елара Нигомет есімді 20 жастағы студент "Павлодар аруы - 2022" атанды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Елара Нигомет есімді 20 жастағы студент "Павлодар аруы - 2022" атанды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Ол - Екібастұз тумасы. Қазір ҚазҰӨУ-дің 4-курсында "театр, кино және ТВ киімі суретшісі" мамандығы бойынша білім алып, түсірілім алаңында жұмыс істейді. Оның айтуынша, бұл - әртүрлі жобалар, негізінен қысқаметражды фильмдер мен әлеуметтік роликтер.
Оның сүйікті істерінің бірі - би билеу. Қыз 11 жылдан аса уақыт бойы бимен айналысады.
"Павлодар аруы" байқауына қатысуыма мақсатым итермеледі, атап айтқанда атам қойған есімді ақтау. Ол "халық мақтанышы" дегенді білдіреді. Сондай-ақ, "Қазақстан аруына" жетуге деген құлшыныс болды. Мен суретші ретінде эмоция, шабыт алғым келді және әрине, барлық қатысушылар сияқты, жеңіске жеткім келеді. Марапаттау рәсімі кезінде ешқандай қобалжу болған жоқ. Бірақ жеңімпазды жариялағаннан кейін мені әртүрлі эмоция мен ой баурап алды. Қуаныш және басқа қатысушылар үшін өкініш. Жарысқа дайындық кезінде қыздармен өте жақсы дос болып кеттік, бәріне жеңіс тіледім", - деді бойжеткен.
Ол алда көп жұмыс күтіп тұрғанын айтты.
"Мен "Қазақстан аруы - 2022" байқауына қарқынды дайындаламын. Таланттар шоуына қатысуға шын ниетім бар. Сондай-ақ, университетте дипломдық жұмысымды тапсыруым керек. Мен бәрін біріктіріп, уақытында аяқтауға тырысамын. Ешкімнің көңілін қалдырғым келмейді, өйткені мені көп адам қолдап, уайымдайды. Осыған алғысым шексіз", - деді "Павлодар аруы - 2022".
Айта кетейік, 60 үміткердің 10-ы байқаудың финалына шыққан.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также