Қазақстандық сұлу "Әлем аруы-2018" байқауына қатысады

Қазақстандық Екатерина Дворецкая "Әлем аруы-2018" шоуының өзге финалистерімен бірге Санья аралында түрлі шараға қатысады. Әлемнің ең сұлу аруы атағынан үміттілердің суреттері Қазақстан аруының Instagram желісіндегі ресми тобында пайда болды, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі.

Әлемнің ең сұлу арулары Санья аралына жиналған. Олар спорттық, әлеуметтік шараларға қатысты. Сонымен қатар, олар аралдағы көрікті жерлерді аралады.

Реклама
Реклама

Таяуда дауыс беру басталады, Қазақстанның атынан шығатын Екатерина Дворецкаяға қолдау көрсетуге болады.

"Әлем аруы-2018" финалдық шоуында әділ қазылар алдымен 10 аруды таңдайды, кейін топ-5 және жеңімпаз анықталады. Әлемдегі ең сұлу арудың есімі 8 желтоқсанда, салтанатты шараның тікелей трансляциясы кезінде аталады, алдын ала болжам бойынша, оны әлемнің 200 елінен миллиардан аса көрермен тамашалайды.

Екатерина Дворецкая. © Instagram

Биыл "Әлем аруы" байқауына Қазақстанның атынан "Қазақстанның бірінші вице-аруы - 2017" Екатерина Дворецкая қатысады, себебі "Қазақстан аруы" атыраулық Альфия Ерсайын "Әлем аруы-2018" финалына биыл қатыса алмайды, ол 16 жаста. Ол келесі жылы, 17-ге толғанда "Әлем аруы-2019" байқауында Қазақстанның намысын қорғайды.

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама