Қазақстандықтар Miss and Mister Planet 2016 байқауынан жүлделі орындармен оралды

?аза?станды?тар Батумиде 3-11 ?ырк?йек аралы?ында ?ткен Miss and Mister Planet 2016 бай?ауынан ж?лделі орындармен оралды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қазақстандықтар Батумиде 3-11 қыркүйек аралығында өткен Miss and Mister Planet 2016 байқауынан жүлделі орындармен оралды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қазақстанның атынан 20 жастағы модель Зарина Зағидуллина мен 16 жастағы Сүлейман Сұлтанов қатысты. Айта кетейік, бастапқыда бұл байқауға "Қазақстан мырзасы-2016" байқауының жеңімпазы Зафар Сүлейменов қатысуы керек болатын. Алайда ол бұл байқаудан бас тартты. 

Байқаудың қорытындысы бойынша Сүлейман Сұлтанов екінші орынды иеленсе, Зарина Зағидуллина "Miss Planet Grace 2016" титулының үздік алты қатысушыларының қатарына кірді.

Реклама
Реклама

 

16 жастағы Сүлейман Сұлтанов "Қазақстан мырзасы" байқауына қатысқан соң Mister Teen International 2016 байқауына да қатысып үлгерген. Онда ол бірінші орынды иеленген екен.



Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама