Қазақстанның ең сұлу қызына сыйлық ретінде жасау берілді

Әлия Мергенбаева. © Тұрар Қазанғапов

"Қазақстан аруы-2015" атанған ақтаулық Әлия Мергенбаева ақшалай сыйлықтан бөлек "Алтын Орда" Авторлық дизайн үйінен қазақтың дәстүрлі жасауын алды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Фото: © Тұрар Қазанғапов

Реклама
Реклама

Топтамаға жас келінге қажетті барлық бұйым - қолдан тігілген көрпелер, жастықтар, сонымен қатар, дәстүрлі дастархан кірді.

Мұның барлығы қазақстандық дизайнер Ырза Тұрсынзаданың қолынан шыққан, ол ата-бабадан келе жатқан дәстүрді насихаттаумен айналысады.

Айта кетейік, жасау "Қазақстан аруы" байқауына қатысушыларға ең керек дүние. Соңғы бір жылдың ішінде осы титулды иеленген үш қыз - Жанна Жұмалиева (Қазақстан аруы-2012), Айнұр Төлеуова (2013) және Айдай Исаева (2014) тұрмысқа шықты. Айнұр мен Айдай ана атанып үлгерді. Әлия Мергенбаева әзірше тұрмысқа шықпайтынын, дегенмен сыйлықты алғанына өте қатты қуанғанын жеткізді.


Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама