25 шілде 2017 14:44

Сабина Алтынбекова Интернетте өз киім желісінің сатылымын бастады

Сабина Алтынбекова

Қазақстандық танымал волейболшы қыз Сабина Алтынбекованың киім желісінің онлайн сатылымы басталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстандық танымал волейболшы қыз Сабина Алтынбекованың киім желісінің онлайн сатылымы басталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бұл мәліметті волейболшы қыздың анасы әрі менеджері Нүрипа Алтынбекова растады.

Реклама
Реклама

"Кеше біз онлайн дүкенімізді аштық", - деп хабарлады Сабина Алтынбекованың анасы.

Сондай-ақ, ол киімдердің бүкіл әлем бойынша сатылымға шығатынын айтып өтті. "Енді бұл киім-кешектер шетелдіктерге де қолжетімді болады. Онлайн сатылымды кеше ғана бастадық. Таңғы сағат бесте Жапониядан сатып алушылар болды", - дейді Нүрипа Алтынбекова.

Осыған дейін Желіде Сабина Алтынбекованың киім желісінің суреттері пайда болған еді: жейделер, свитшоттар, спорттық костюмдер сияқты киімдер.

Еске салайық, осыған дейін Сабина Алтынбекованың өз киім желісін шығарғаны жайлы хабарланған болатын.  Спорттық киімдердің бұл желісін Сабина Алтынбекова отандық Zibroo Sportswear дизайнерлік компаниясымен бірігіп ойластырған екен. Айта кетейік, Рио ойындарындағы Қазақстан құрамасының киімдерін осы компания дайындаған болатын.

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram