Семейдің ең әдемі аруы таңдалды
Семейде "Семей аруы-2018" сұлулық байқауы өтті. Тәж бен қаланың ең тартымды қыз атағын Жанель Жұман жеңіп алды. Бұл туралы қазылар алқасының мүшесі Arsen Bektassov Facebook әлеуметтік желісіндегі парақшасында жазды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бұл сұлулық байқауы жақында өткен еді. Қыздар би билеп, кешкі көйлектерде дефилеге шығып, өз таланттарын көрермендерге паш етіп, видеовизиткаларында өздері туралы айтып берді.
"Семей аруы-2018" Жанель Жұман
Әйгерім Тұрлыханова байқаудың бірінші вице-аруы атанды.
Әйгерім Тұрлыханова
Екінші орынды Юлия Южакова иеленді.
Юлия Южакова
Үшінші вице-ару Рената Акимова болды. Ал "Instagram аруы" атағын Асем Маннанға берді.
Асем Маннан