Вивьен Вествудтің модельдері Париждегі Сән апталығына қалпақ пен сәукеле киіп шықты

Танымал дизайнер Вивьен Вествудтің модельдері Париждегі Сән апталығына қалпақ пен сәукеле киіп шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Күз/қыс-2016 жинағы 5 наурызда ұсынылды.

Сән апталығындағы көрсетілімдерге модельдер Орта Азия халықтарының дәстүрлі киімі қалпақ пен сәукеленің формасына ұқсайтын киіммен шықты. Сонымен қатар, сыртқы киім де осы стильде екен. Кейбір аксессуар мен киімдердің элементтері Орта Азия халықтарының әшекей-бұйымдарына ұқсайды. 

 

Реклама
Реклама

Вивьен Вествуд - ағылшын дизайнері, панк стилінің негізін қалаған. Ол 1971 жылы киім дизайнымен айналыса бастап, Let It Rock дүкенін ашқан. 1974 жылы дүкен Sex деп аталды. Қазір модельер 74 жаста.

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама