Желідегі ұятсыз суреті үшін "Зимбабве аруы" титулынан айырылды

"Зимбабве аруы" Эмили Качоте. © herald.co.zw

Зимбабведе 25 жастағы бойжеткен, "Зимбабве аруы -2015" сұлулық байқауының жеңімпазы Эмили Качотенің басы дауға қалды. Zimbabwean Herald жергілікті газетінің хабарлауынша, ол Желіге шығып кеткен сурет үшін титулынан айырылған.

Эмилидің тырдай жалаңаш суретін оның бұрынғы жігіті Whatsapp желісінде таратқан. Бойжеткен суреттің түсірілгеніне көп болғанын мойындады және бұрынғы сүйіктісінің бұл іске қасақана барған болуы мүмкін екенін айтты. Алайда оның ойынша, "өткен күннің қателіктері болашаққа әсер етпеуі тиіс". 

Реклама
Реклама

© herald.co.zw

Байқауды ұйымдастырушылар болса оның бұл ісін жат қылық деп санайды. Сұлулық байқауының талаптарына сәйкес, қатысушылар жеңіске жеткен кезде жалаңаш суретке түспеуі тиіс. 

Эмили Качоте "Зимбабве аруы - 2015" байқауын биыл сәуір айында жеңіп алған еді. Конкурс байқауында ол 15 қыздың арасынан суырылып шықты.

Эмили Качоте. © newzimbabwe.com

Эмили ендігіде желтоқсан айында Қытайдағы Хайнань аралында өтетін "Әлем аруы" байқауына қатысуы керек болған. Бірақ Зимбабвенің атынан басқа ару шығатын болды.

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама