"Жер аруы-2015" байқауының жеңімпазы анықталды

"Жер аруы-2015" байқауының жеңімпазы анықталды © twitter.com/MissEarth

Венада "Жер аруы-2015" байқауының қорытындысы жарияланды. 25 жастағы Анжелия Онг бұл титулды жеңіп алды, - делінген байқаудың Twitter желісіндегі ресми аккаунтында. 

Анжелия Онг Филиппиннің атынан қатысты. Оның бойы - 170 сантиметр, дене пішінінің параметрлері: 81-61-90. Ару болашақ туризм саласының менеджері. Онгты ағасымен екеуін анасы жалғыз өсірген.

Жарнама
Жарнама

"Ауа аруы" титулына австралиялық 26 жастағы Даянна Грагеда ие болды. АҚШ аруы 23 жастағы Британи Энн Пэйн "Су аруы" атанды. Ал "От аруы" - бразилиялық 22 жастағы Тиесса Сикерт.

Айта кетейік, өткен жылы "Жер аруы" титулы тағы да филиппиндік аруға бұйырған болатын - 20 жастағы Джеми Харрел.

"Жер аруы" байқауы "Әлем аруы", "Дүниежүзі аруы" сынды әлемдегі ең айтулы байқаулардың бірі болып есептеледі.

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
Жолдау
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу

Жарнама
Жарнама