Реклама
Реклама

Аргентина бойынша жаңалық

Месси үздік ойыншы атағына лайық емес - Марадона
Месси үздік ойыншы атағына лайық емес - Марадона
Аргентинаның жеңілісі тәртіпсіздіктерге ұласты
Аргентинаның жеңілісі тәртіпсіздіктерге ұласты
Германия құрамасы - футболдан әлемнің төрт дүркін чемпионы
Германия құрамасы - футболдан әлемнің төрт дүркін чемпионы
ӘЧ-2014: Аргентина құрамасы немістерден қорықпайды
ӘЧ-2014: Аргентина құрамасы немістерден қорықпайды
ӘЧ-2014: Нигерия - Аргентина және басқа да кездесулер туралы
ӘЧ-2014: Нигерия - Аргентина және басқа да кездесулер туралы
Лионель Месси Испания қазынасына 33 млн евро төлейді
Лионель Месси Испания қазынасына 33 млн евро төлейді
Ең үлкен динозаврдың сүйегі табылды
Ең үлкен динозаврдың сүйегі табылды

Қысқаша мәлімет

Орналасуы: Оңтүстік Америка
Астанасы: Буэнос-Айрос
Ірі қалалары: Буэнос-Айрес, Кордова, Росарио, Ла-Плато
Жер көлемі: 2,77 миллион шаршы шақырым
Телефон коды: +54
Қазақстанмен уақыт айырмашылығы: -9 сағат
Сағаттық белдеуі: (GMT-3)
Виза: визалық келісім
Тілі: испан
Валютасы: аргентиналық песо
Халқы: 2018 жылы 44,49 миллион адам
Діни сенімдері: христиан
Жол қозғалысы: оң жақты қозғалыс
Тоқ көзінің түрі: 220 В, С, 50 Гц

Аргентина географиясы мен климаты

Аргентина - Оңтүстік Американың (Латын Америкасының) оңтүстік-шығыс бөлігінде орналасқан мемлекет, федеративтік республика. Астанасы - Буэнос-Айрес. Аргентина 22 провинция, 1 ұлттық аумақ және 1 федералды астаналық округке бөлінеді.

Аргентинаның солтүстік-шығысында Гран-Чако, Ла-Плата жазықтары, батысында Анд тауы (ең биік тұсы Аконкагуа шыңы, 6960 метр) жалғасып жатқан Атакама шөлі бар. Оңтүстік-батысын Патагония үстірті (2000 метр) алып жатыр. Кен байлықтарынан мұнай және табиғи газ, тас көмір, қорғасын, мыс, темір, вольфрам, уран кентастары өндіріледі.

Аргентина тропиктік, субтропиктік және шөлейтті климаттық белдеуде орналасқан. Қаңтардың орташа температурасы 9-20 градус, шілдеде 23-30 градус, жылдық жауын-шашын мөлшері 250-900 миллиметр. Суы мол Парана, Парагвай, Уругвай өзендерінде кеме жүзеді. Көлдердің көбі осы өзендердің алабында және Патагонияда орналасқан. Жерінің бестен бірі тропиктік орман болып келеді.

Аргентина экономикасы

Аргентина - аграрлы-индустриялы ел. Негізгі пайда экспортқа шығаратын өнімдерінен түседі. Экономикасының дамыған саласы - ауыл шаруашылығы. Басты бағыты - астық және мақта егу, етті мал өсіру. Сонымен қатар темекі, жеміс және цитрус плантациялары бар. Жері орманды, ағаш қоры жөнінен Латын Америкасында 3-орын алады. Теңіз жағалаулары мен өзендерден балық ауланады. Пайдалы қазбаларға бай. Мұнай, газ, тас көмір, темір, қорғасын, мырыш, уран кендері өндіріледі.

Өнеркәсібінің басты салалары - ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдейтін тамақ және жеңіл өнеркәсіп, кен өндірісі. Бидай ұны, қант, күнбағыс майы, мақта жібі, жасанды талшық өндіріледі. Металлургия өнеркәсібін дамытуда едәуір табысқа жеткен. Машина жасау өнеркәсібі автомашиналар мен тракторлар, станоктар мен кіржуғыш машиналар шығарады.

Басты өнеркәсіп орталығы - Буэнос-Айрес қаласы. Барлық жүк айналымының 37,2 пайызы су жолымен (басты порттары - Буэнос-Айрес, Госарино), 29,5 пайызы автомобильмен, 20,6 пайызы темір жолмен, 12,7 пайызы құбыр арқылы тасылады. Сыртқы саудадағы негізгі серіктестері - АҚШ, Бразилия, Германия.

1983 жылы елде демократиялық өкімет қайта орнап, құқық билігі үстемдік алды. Аргентина Біріккен Ұлттар Ұйымына, Халықаралық валюта қорына, Америка мемлекеттері ұйымына және басқа да халықаралық ұйымдарға мүше. 1993 жылы 25 маусымда Қазақстан Республикасымен дипломатиялық қатынастар орнатты.

Аргентина тарихы

Ерте заманда Аргентина жерінде үндіс тайпалары қоныстанған. Солтүстік-шығыс пен орталықта гуарани, тапес, чарруа, керанда, солтүстік-батыста диагиттер, оңтүстікте араукандар, патагондар тұрған. Диагит тайпалары отырықшы тұрмыс құрып, егіншілікпен шұғылданды, мата тоқуды, түсті металл қорытуды кәсіп етті. Бұлардан басқалары негізінен көшпелі үндістер болды.

1516 жылы испан теңізшісі Хуан Диас де Солис Рио-дела-Плата өзені сағасының төңірегін Испания жері деп жариялады. Осы күнгі Аргентина жерін отарлау XV ғасырдың 30-жылдарынан кейін күшейе түсті. Отаршылдар үндістерді қырып-жойып, көпшілігін құлға айналдырды. Испандар бағындыра алмаған тайпалар құнарлы жерлерінен тықсырылып, оңтүстіктегі суық өңірлерге қарай ығысты.

1620 жылы жаулап алынып, Ла-Плата деген ат қойылған аймақ Перу вице-корольдігіне қосылды. Отарлаушылар ірі жер иеліктерін құрып, жұмыс қолы жетіспеген соң Африкадан зәңгі-құлдар әкеле бастады. Осы күнгі Аргентина, Боливия, Парагвай мен Уругвай кіретін аймақ 1766 жылы Ла-Плата вице-корольдігі болып бөлінді.

XIX ғасырдың басында Испанияның отарлық үстемдігі әлсіреп, енді бұл өңірге ағылшындар көз тіге бастады. Алайда жергілікті халық жасақтары 1806-07 жылдары ағылшындардың екі дүркін шабуылын тойтарып, 1810 жылы Ла-Платаның уақытша үкіметін құрды.
 
Үкімет тәуелсіздік жолындағы күресті күшейтті. 1816 жылы 9 шілдеде Оңтүстік Американың біріккен провинциялары (осы күнгі Аргентина) өз тәуелсіздігін жариялады. 1826 жылы Аргентина Федеративтік Республикасы болып қайта құрылды.

XVI ғасырда испандықтар Онтүстік Американы жаулап ала бастады. Бұларды жат жерден алтын мен күміс табыла ма деген үміт қызықтырған еді. Сондықтан олар құрлықтың оңтүстігіндегі елді "күмісті" деп атады.
Бірақ Аргентинада алтын да, күміс те жоқ болып шықты. Бірнеше ғасыр бойы ол Испанияның Америкадағы иесіз қалған отарларының шет аймағы күйінде қала берді.

Осыдан бір ғасырдан аз-ақ бұрын бұл өңір өзгеріп сала берді. Бұл кезде теңіз жолдары құрлықтарды бір-бірімен жалғастырып жібЕрген еді. Еуропада өнеркәсіп жылдам дамып, қалалар тез өсті. Осыған байланысты Аргентинада ауыл шаруашылығы, әсіресе мал шаруашылығы шұғыл дами бастады. Аргентина еті Еуропаға жөнелтіліп жатты.

1814-1817 генерал Жозе Сан Мартин, Испаниямен тәуелсіздік үшін соғыс бастады. Оның арқасында Аргентина, Чили және Перу өздерінің тәуелсіздігін жариялады.

Қазақстандық туристер үшін Аргентина несімен тартымды?

Аргентина - нағыз стейк пен көңілді жандардың және тангоның Отаны. Сонымен қатар, Аргентина Оңтүстік Американың ең басты елдерінің бірінен саналады. Мұнда жылда ағылған туристтердің шегі болмайды.
Аргентинада қонақүйлердің екі түрі бар: "жергілікті" және "халықаралық" қонақүйлер. Алдыңғысы жұлдызды санатын жоғары көрсетуі мүмкін, ал екіншісінде, бәрі бірқалыпты.

Барлығы іске қосылған қызмет қонақүйлерде көп емес, кейбірінде тек таңғы ас берілсе, кейбірінде жартылай пансион болып келеді.

Аргентинаға қалай жетуге болады?

Аргентинаға Қазақстаннан тікелей рейстер жоқ, сондықтан ауысымдық рейстермен ұшуға тура келеді. Ауысымдық рейстер Мәскеу, Стамбул, Амстердам қалалары арқылы өтеді. Билет пен тұратын жеріңізді алдын-ала брондау қажет.

Аргентинадағы көлік қозғалысы

Аргентинаға Еуропа арқылы ауысымдық рейспен ұшады, бұл шамамен 23 сағатты алады. Барлық рейстер Буэнос-Айрестен 47 шақырым қашықтықта орналасқан Министро-Пистарини халықаралық әуежайына ("Эсеиса") келеді.

Сіз ішкі рейстерді, сонымен қатар, теміржол және автобус қызметін пайдалана отырып, бүкіл елге саяхат жасай аласыз. Автобустардың барлығы кондиционермен және әжетханамен жабдықталған.

Теміржол қызметі онша танымал емес. Қалаларда таксимен жүрген дұрыс. Сіз сондай-ақ көлікті жалға ала аласыз. Жалдау бағасы оның қанша шақырым жол жүріп өткеніңізге байланысты болады.

Аргентинада қайда баруға болады?

Аргентинадағы ең қызықты экскурсиялар табиғи көрікті жерлерге барудан басталады. Бірақ, әрине, сіз Аргентинаға келгенде бірінші көретініңіз астанасы - Буэнос-Айрес қаласы.

Қала 1580 жылы Ла Плата шығанағының жағасында қаланды. Буэнос-Айрес, Оңтүстік Американың көптеген қалаларынан айырмашылығы, Еуропалық қалаға өте ұқсас, оның көшелерінде қызу өмір қайнап жатыр. Оның орталығы - Плаза де Майо, әлемдегі ең үлкен сауда аймағы болып саналады.

Буэнос-Айресте көптеген алаңдар орналасқан. Олардың бірінде - Плаза де ла Република - Аргентина тәуелсіздігін жариялау құрметіне арналған обелиск тұрғызылды, Плаза дель Конгрессте үлкен субұрқақ пен Конгресс ғимаратын көруге болады, және Плаза Доррегода көптеген көне базар, дүкендер шоғырланған.
Негізгі тарихи көрнекті орындар Ла Бока ескі ауданында орналасқан, сонымен қатар Буэнос-Айрестегі ең көне ғимарат Кабильдо ратушасы көруге тұрарлық, қазір мұнда мұражай орналасқан, "қызғылт үй" деген атпен танымал Президенттік сарай және Эль-Пилар, Де Санто-Доминго базиликасы және Сан-Игнасио қаласындағы ежелгікатолик шіркеулері бар.

Буэнос-Айресте 100-ден астам мұражай бар, олардың ішіндегі ең қызықтысы - жаратылыстану мұражайы, бейнелеу өнері мұражайы, ұлттық сәндік-өнер мұражайы, халықаралық көркемсурет галереясы, отарлық өнер мұражайы, Латын Америкасы өнері мұражайы, Кино мұражайы, Ұлттық тарих мұражайы және Таразы мұражайы.

Кордова - бұл елдің екінші үлкен қаласы. Ол 1573 жылы құрылған. Қазір ол Оңтүстік Америкадағы екінші университет болып табылатын Сан Карлос университетімен танымал. Сонымен қатар Кордова провинциясының тарихи мұражайы бар, оны жергілікті адамдар Аргентинаның ең маңызды тарихи мұражайы санайды. Кордовадан солтүстікке қарай Сьерра-Колорадо археологиялық саябағына баруға болады, онда ежелгі суреттер мен үндістердің қасиетті жерлерін көруге болады.

Аргентина аумағында әлемдегі ең биік сарқырамалардың бірі Игуасу орналасқан. Ол Бразилия, Аргентина және Парагвай шекараларында Игуасу өзенінің Паранаға құятын жерінде сол атаудағы ұлттық саябақтың аумағында орналасқан. Игуасу сарқырамасы суларын 70 метр биіктіктен көтереді, ал ені 4 шақырым-ге дейін жетеді. Сарқырамаға экскурсия одан 18 шақырым қашықтықта орналасқан Пуэрто-Игуасу қаласынан кетеді. Жалпы, Игуасу ұлттық саябағының ауданы 55 мың шаршы метрді құрайды. Бұл кең аумақта Игуасу сарқырамасынан басқа тағы 300-ге жуық сарқырама бар. "Ібілістің өңеші" деп аталатын 14 сарқырамадан тұратын өте әдемі каскад бар, ол арқылы Бразилиямен шекара өтеді.

Патагония - Аргентинаның оңтүстігіне дейін созылып жатқан кең жазық. Ол қатал аймақ ретінде белгілі және іс жүзінде бұл шөлейт аймақ, онда жылына 100 мм-ге дейін жауын-шашын түседі. Аргентина тәуелсіз республика ретінде танылғаннан кейін мұнда ағылшын колонизаторлары келді, сондықтан Шотландия рухы барлық елді мекендерде жүр десе болады. Британдықтар мұнда ирригациялық каналдар жүргізді, шөлейт құнарлы аймаққа айналды, ал қазір Патагония территориясының көп бөлігін қой фермалары мен бидай алқаптары алып жатыр.

Аргентина асханасы

Аргентина тағамдары еуропалық әсерге ие. Көкөністерге арналған тағамдар, мысалы, "сальтадо" бұқтырмасы, жүгері ботқасы, қызанақ пен қияр пюресінен жасалған "гаспачо" сорпасы және пиццаның әртүрлі түрлері өте танымал.

Аргентинада сиыр етін өте дәмді етіп дайындайды. Міндетті түрде қақталған "паррильяда" сиыр етінің, "миланеза" қуырылған картоп қосылған, "матамбре" ет рулетін, "югосо" тағамын, "бифе де ломо" шоқта пісірілген еттің, "чураско" қуырылған етінің дәмін татып көріңіз.

Сиыр етінен басқа, "Локро" бұқтырылған жүгері, сырадағы тауық еті, дәмдеуіштері бар қуырылған қой еті, қуырылған остель, қуырылған армадильо және түйеқұс етінен тағамдарды татып көруге болады. Аргентиналық тағамдарда асшаяндар, кальмар, ысталған жылан, устрицалар мен форельдерден жасалған балық тағамдары да бар.

Жемісі бар бәліштер, "панкикес", желе қосылған десерт және карамель тіскебасар ретінде ұсынылады, бірақ ең танымал балмұздақ - "хеладо". "Мате" шайы ұлттық сусын болып саналады, сонымен қатар, олар қара кофе де ішеді.

Аргентинадағы қауіпсіздік

Аргентинада туристтік орталықтардан шығып, жалғыз қыдыруға, өзіңізбен бірге үлкен көлемде ақша, қымба, бағалы заттарыңызды алып жүрмеңіз. Сонымен қатар, көпшілік джерлерде қалта ұрыларынан сақ болыңыз.
Тек бөтелкедегі және қайнаған суды ішуге кеңес беріледі. Мұхитта шомылуға тек белгіленген жерлерден ғана рұқсат беріледі, басқа жерлерінде ағыс өте қатты болуы мүмкін, адам өміріне қауіп төндірері анық.

Аргентинадан қандай кәдесыйлар алуға болады?

Аргентинадан кәдесый ретінде пышақтар, күмістелген мундштук, мате шайы, қой терісіснен жасалған бұйымдар, викунья терісінен жасалған заттар, гитара, өнер бұйымдары мен тондар әкелінеді.
Теріден және жүннен жасалған бұйымдарды елден алып шығарда дүкеннен берілген шот-түбіртекті міндетті түрде көрсету қажет.

Дүкендер дүйсенбіден жұмаға дейін 9:00-ден 19:30-ға дейін, демалыс күндері 9:00-ден 13:00-ге дейін жұмыс істейді.

Отты жер аралының аргентиналық бөлігі - еркін сауда аймағы, сондықтан жергілікті дүкендердегі бағалар салыстырмалы түрде төмен.