Реклама
Реклама

Норвегия бойынша жаңалық

Норвегияда 10 жасар жүргізуші өзін ергежейлімін депті
Норвегияда 10 жасар жүргізуші өзін ергежейлімін депті

Қысқаша мәлімет

Орналасуы: Солтүстік Еуропаның батысында
Астанасы: Осло
Ірі қалалары: Осло, Берген, Тронхейм, Ставангер, Кристиансанн, Фредрикстад, Тромсё, Драммен
Жер көлемі: 386 960 шаршы шақырым
Телефон коды: +47
Қазақстанмен уақыт айырмашылығы: -4 сағат
Сағаттық белдеуі: (GMT+2)
Виза: Шенген
Тілі: норвег
Валютасы: норвег кронасы
Халқы: 2020 жылы 5,368 миллион адам
Діни сенімдері: евангелистік лютеран шіркеуі
Жол қозғалысы: оң жақты қозғалыс
Тоқ көзінің түрі: 230, F, C, 50 Гц

Норвегия географиясы мен климаты

Норвегияның көп бөлігін Скандинавия таулары алып жатыр (ең биік нүктесі - Гальхепигген тауы 2469 метр). Солтүстік және Норвег теңізінің жағалаулары фьордтармен тілімделген. Климаты - баяу теңіздік. Қаңтардағы орташа температурасы -2 - 12 градус, шілдеде 6-15 градус болады. Жылдық жауын-шашын мөлшері шығысында 300 мм-ге, батыс тау беткейлерінде 3000 мм-ге дейін жетеді. Мұздықтардың жалпы аумағы 3 мың шаршы шақырым. Мол сулы, ірі өзендері - Гломма, Логен, т.б. Жерінің 27 пайызын ормандар (негізінен қылқан жапырақты, жапырақты) алып жатыр. Солтүстігі мен биік жерлерінде таулы тундра мен орманды тундра басым.

Норвегияның ең ірі өзендері шығыста орналасса, батысында қысқа, бірақ ағысты өзендері ағады. Елдің оңтүстік өлкесі келбетті көлдерге бай. Дегенмен жасылмен жан бағатын елдермен салыстырғанда, Норвегияның өнім беретін өсімдіктері жоқтың қасы. Шыңын мұз басқан таулы, қыратты аймақтың бар болғаны 4 пайызы ғана егістікке қолайлы болып келеді.

Норвегия экономикасы

Мұнайдың арқасында Норвегия мол бюджетке ие, Еуропа елдері арасында инфляция мен жұмыссыздық деңгейі ең төмен, және жан басына шаққандағы ЖІӨ деңгейі бойынша соңғы жылдары ел әлемдік рейтингтің бестігінен түспейді.

Норвегия экономикасының құрылымы нарықтық механизм мен мемлекеттік реттеу арасындағы үйлесімді теңгерімнің мысалы болып табылады. Энергияға деген сұраныстың басым бөлігі гидроэнергетикамен қамтамасыз етілгендіктен, қазір мұнайдың басым бөлігі экспортталады. Бұл жағдай болашақ ұрпақтың сенімді қорын құруға және жинақтауға мүмкіндік береді. Ол (2016) 870 миллиард долларға бағаланды.

Жақында құрылған, бірақ қуатты және техникалық жағынан жабдықталған мұнай-газ кешені мемлекеттік қазынаға кірістің үштен бір бөлігін әкеледі, бұл әлеуметтік салаға үлкен инвестициялар салуға, жаңа жолдар салуға, білім беруді арттыруға, аз дамыған салаларды: ауылшаруашылық, балық аулау және орман шаруашылығын субсидиялауға мүмкіндік береді.

Үкімет жаңа технологияларды құруға көп көңіл бөледі. Тиісті мемлекеттік бағдарламаларды іске асыру спутниктік байланыс пен телекоммуникацияны дамытуға ықпал етеді. Осы және басқа да жоғары технологиялық салаларда несиелер мен кең субсидиялар жіберіледі. Меншік нысанына қарамастан, ұтымды экономикалық басқа біршама алға шығуға көмектесті.

© pixabay.com

Норвегия тарихы

Мұз дәуірінен кейінгі климат жер бетіндегі ең қолайлы кезеңдердің бірі болды. Адамның қазіргі Норвегия аумағында болуының алғашқы іздері біздің дәуірімізге дейінгі 9000 жылдан басталып, шамамен 4000 жылдан кейін қоныстар пайда болды.

Қайсар Викингтер дәуірі осы Скандинавия елінің тарихында ең маңызды із қалдырды. Норвегия тарихында саам тайпаларының әсері де, дат пен швед көршілерінің ықпалы да маңызды болды. X ғасырдың аяғы және XI ғасырдың басы. Норвегия жерлерін біріктіру үшін күресіп, ұрыста қаза тапқандар тарих беттерінде мәңгі жазылады, олар: король Харальд, оның ұлы Хакон және Харальдтың шөбересі, кейінірек Норвегия билеушісі болған және Әулие Олаф деген атқа ие болған патша II Олаф. XII-XIII ғасырларда Норвегия территориясында жағдай салыстырмалы түрде тұрақты болды, бірақ XIV ғасырдың ортасында, тура екі жылда, ауыр оба ауруы Норвегия халқының үштен екісінің өмірін жалмады. Келесі ғасырларда Кальмар, содан кейін Дания-Норвегия және Швеция-Норвегия одақтары Скандинавия елдеріне аса гүлдену әкелмеді.

Норвегия Бірінші дүниежүзілік соғыс кезінде бейтарап қалды, ал екінші дүниежүзілік соғыс кезінде неміс әскерлері елді басып алды. 1949 жылдан бастап Норвегия НАТО-ға мүше. Өткен ғасырдың 60-70-ші жылдарында экономикада жаңа дәуір Солтүстік теңізде табылған мұнай мен газ қорларын игеру және өнеркәсіптік өндіру кезеңі басталды. Норвегия екі рет, 1972 және 1994 жылдары өз саясатын дербес жүргізу құқығын қорғап, Еуропалық Одаққа мүшелікке қарсы дауыс берді. Соған қарамастан, ел Шенген аймағына кіреді және Скандинавия паспорт одағының мүшесі болып табылады.

Қазақстандық туристер үшін Норвегия несімен тартымды?

Норвегия - бұл ең алдымен, тұмса орман мен таулар, мұздықтар, шулы да,салқын сарқырамалар, көптеген өзендер мен көлдер, сұлу фьордтар, ақ түндер мен солтүстік сәулесі. Сондай-ақ, сұлу пейзаждар, аң аулау, балық аулау, таңғажайып, сырға толы тарих пен мәдениет бар. Мұның бәрі қысы-жазы әлемнің түкпір-түкпірінен келген туристерді қызықтырмай қоймайды.

Норвегия қонақүйлерінде тұру Еуропадағы орташа бағамен есептегенде, біршама қымбат. Бірақ, мұңаюдың қажеті жоқ, демалыс күндері, үлкен компанияларға және отбасыларға арнайы жеңілдіктер ұсынылады. Түнейтін орындар да жетерлік. Талғампаз саяхатшыларға қымбат қонақүйлер мен көне ғимараттарда орналасқан De Historiske тарихи қонақүйлеріне назар аударуды сұраймыз. Экотуризмді сүйетіндерге дәстүрлі бақташылар үйі немесе фермалық үйлер, сонымен қатар, балықшылар үйін ұсынамыз. Ең арзан түнеу орны - жастар кемпингі немесе хостелдер.

Ослода хостелде түнеу тәулігіне 500 NOK , екі жұлдызды қонақүйде түнеу 700 NOK, бес жұлдызды қонақүйде 1500 NOK-тан басталады. Фломда түнеу үшін күніне 500-600 NOK (жерүйдегі бөлмелер) төлейсіз. Ставангерде үш жұлдызды қонақүйде түнеу күніне 700-800 NOK-тан басталса, ал тарихи қонақүйде тұру 1100 NOK болады.

Норвегияға қалай жетуге болады?

Қазақстаннан Норвегияға тікелей рейстер жоқ. Ауысымдық билеттер алуға болады. Рейстер көбінесе, Ресей арқылы, сонымен қатар, Еуропа мемлекеттерінің бірқатарынан Норвегияға жетуге болады. Сондай-ақ, Норвегия корольдігіне латыштық AirBaltic лоукостері арқылы да жете аласыз: Алматыдан Ригаға дейін төрт жарым сағат, ары қарай Ослоға 45 минутта жетесіз.

Норвегиядағы көлік қозғалысы

Норвегия қалаларының көпшілігінде автобустар мен трамвайлар жүреді, сонымен қатар, астанасы мен жақын қалаларды автобус, метро (T-bane), трамвай және паром желісі қамтиды. Ослода кез келген транспорт түріне бір реттік жол жүру билеті 35 NOK-тан басталып, (барлық аймаққа-123 NOK) бір сағат уақытқа ғана жарамды болады (велосипед тасымалдау жеке төленеді). Бір тәулік жол жүру құны -105 NOK бір аймаққа (237 NOK барлығына), бір айлық - 736/1876 NOK тұрады.

Такси өте қымбат және тек қала аумағында ғана жүреді. Кредиттік карталармен төлем жасауға болады. Барлық такси машиналары радиоланған, кез келген телефоннан тапсырыс беруге болады, арнай тұрақтан ұстауға немесе көшеден тоқтатып отыруға болады. Жол жүру құны 40 NOK, әр шақырымы үшін 10 NOK-тан төлейсіз.

© pixabay.com

Норвегияда қайда баруға болады?

Норвегияның көрнекті жерлері - солтүстіктей асқақ, саяхатшыларды таңғалдырмай қоймайды. Табиғаты керемет, ерекше сұлу. Фьордтар - елдің бетке ұстар туристік магниті іспетті, нағыз байлығы.

Ослодағы көрнекті жерлердің бірі - әдемі ескерткіштерімен таңғалдыратын, оның ішінде табысқа жету белгісі іспетті "Монолит" ескерткіші орналасқан Вигеланд-саябағы. XIX ғасырдағы Патша сарайы классицизм образы болса, Кафедралды шіркеу өзінің әдемі өрнектерімен көз қарықтырады. Керемет экпозициялар - Тарихи мұражайы, "Хени-Унстад" мәдени орталығы, Әлемдік Нобель орталығы.

Көне қала Осло - әдемі әртүрлі түсті шатырлары бар үйлермен әсемделген, қуыршақтай әдемі қала, ал Опера театры ғимараты болса, айдында тұрақтаған бейне бір алып айсберг сияқты.

Берген қаласының басты қазынасы - жағалауында көне сауда ғимараттары қаз-қатар тізілген Брюгген ауданы. Ал мұндағы Хоконс Холл небір патша сауық-сайранының куәсі болса, балық базары талғампаздарға нағыз сый болмақ.

Норвегия көрнекті жерлерге бай ел, атап айтсақ, Ставангер маңындағы Прекестулен шыңында қалқып тұрған Люсе-фьорд, таңғажайып сұлу, елдеіг ең ұзын Согне-фьорд, жеміс ағаштарының жасыл желегіне оранған Хардангерфьорд.

Осло - Мюрдаль - Флом - Согне-фьорд - Берген бағыттары бойынша біркүндік сапар Ослодан Бергенге дейін "Хардангервирда" ұлттық саябағын кесіп өтеді. Станция "Мюрдаль" бір километрге жуық биіктікте, осы жерден Флом теміржолы арқылы керемет саяхат басталады, оның ұзындығы - 20 шақырым, биіктен төмен қарай - 865 метр. Мұндай сынақты осындай қысқа мерзімде еңсеру үшін жол 20 туннель арқылы спираль түрінде салынған . Бүкіл сапар 50 минутты алады: пойыз ең әдемі жерлерде тоқтап, баяу жүреді. Ослодан үшкүндік экскурсия бағасы бір адамға 2750 NOK-тан басталады.

Фьорд жағалауындағы Флом қаласына келген туристтер жаяу серуендеп, түскі ас іше алады. Саяхат соңында Согне-фьорд бойымен Фломнан Бергенге дейін экспресс корабльмен круиз жасалады.

Норвегия асханасы

Қатаң солтүстік климаты норвег халқын өте тойымды тамақтануға мәжбүрлеген. Дәстүр бүгін де сақталған: дастарқандағы басты тағамдар - оңай дайындалатын балық және ет, сүт, нан, түрлі ботқалар, барынша табиғи жолмен дайындалады. Норвегияда теңіз өнімдерін сүйіп жейді: селедка, лосось, форель және палтустан сорпа, паштет, бәліштер, ыстық тағамдар дайындайды.

Басты деликатестер - асшаяндар, кит еті, бұлан және бұғы еті. Шошқа етін норвег халқы тіпті жемейді десе болады. Ешкі сүтінен дәмді, әрі пайдалы ірімшік дайындайды. Көкөністерден картоп ең көп пайдаланылады. Бірінші ыстық тағамға балық сорпасын алсаңыз, екіншісіне салқын бутерброд, тіскебасарға вафельді печенье крумкейктің дәмін көрсеңіз болады.

Фастфуд орталығында тамақтану бір адамға 50-100 NOK, кафеде түстену 100-150 NOK-тан, мейрамханада кешкі ас ішу бір адамға 200-300 NOK-тан басталады.

© pixabay.com

Норвегиядағы қауіпсіздік

Норвегияда, барлық Скандинавия мемлекеттеріндегідей өте қауіпсіз десе болады. Қылмыс деңгейі төмен, туристер үшін алаңсыз серуендеп, бағалы заттар үшін қорықпауға болады. Спиртті ішімдіктерге қатысты, тыйым салынбайды, бірақ алкогольді ішімдіктер өте қымбат. 2004 жылдан бері қоғамдық орындарда шылым шегуге тыйым салынған.

Норвегия жолдары біршама қауіпті болуы мүмкін: жол өте сапалы жасалғанымен, асулар, биіктік, жазық болып келуі, құлдилау ықтималдылығы, қиын навигация, арау-райының құбылмалылығы қиындық тудырады. Жолға кенеттен жабайы аңдар атып шығуы мүмкін, бірақ оны ескертетін жол белгілері бар.

Норвегиядан қандай кәдесыйлар алуға болады?

Норвегиядан кәдесый ретінде әйгілі тоқылған жемпірді алуға болады. Бірақ бағасы да арзан емес, 800 NOK тұрады. Егер қалтаңыз көтерсе, таза ешкі терісінен, не бұғы терісінен жасалған бұйымдарды алуға болады. Сонымен қатар, күмістен жасалған әшекей бұйымдар да бар. Жергілікті әшекей бұйымдарын күмістен соғу ертеден келе жатқан қолөнер түрі болып саналады.

Ең атақты кәдесыйлар - тролль мүсіндері, викинг корабльдерінің кіші нұсқалары, қалайы мен шыныдан жасалған ыдыс-аяқтар, керамика, гүлмен өрнектелген, ағаштан жасалған бұйымдар. Талғампаздарға бруност ірімшігін, оған қосымша арнайы ірімшікке арналған пышақ, ысталған балық алсаңыз болады. Қыста және жазда жеңілдік маусымдарында 50-70 пайызға дейін жеңілдіктер болады.

Ірі қалалардағы дүкендер жұмыс күндері 9:00-ден 17:00-ге дейін, бейсенбіде - 19:00-20:00-ге дейін, сенбіде - ең көбі 16.00-ге дейін жұмыс істейді. Көптеген супермаркеттер, дүңгіршектер, сауда орталықтары мен жеке дүкендер кешке дейін жұмыс істейді.