бойынша жаңалық Балалар

Бапкері ұрған қыз бала гимнастикадан қала біріншілігінде жүлделі орын алды Анасы қызының аты-жөнін жария еткісі келмейді және бапкерге ешқандай кінә артпайды.
13 қазан 2014
Қазақстанда 20 отбасы педофилдерге кешірім берді Қазақстанның жаңа Қылмыстық кодексі бала зорлау әрекетіне тұңғыш рет өмір бойы қамауға алу жазасын енгізіп отыр.
13 қазан 2014
Беймәлім антиквар балалар өмірін құтқарғысы келеді Баланың емделуіне қаражат берген адамға VІІІ ғасырдан бері өте жақсы сақталған картина мен көне Құран кәрім сыйға тартылады.
13 қазан 2014
Ақтөбеде бес жасар бала із-түссіз жоғалып кетті Баланың үстінде қайырылмалы бас киімді ақ күрте, сұр мойынорағыш, құлақшын, көгілдір түсті спорттық шалбар және қара түсті аяқ киімі болған.
11 қазан 2014
Оралда кішкентай балалары бар отбасы орманда тұрып жатыр 24 жастағы Настя Еремина мен оның 44 жастағы күйеуі Репек Әбсиметов орманда жаздың басынан бері тұрып жатыр.
10 қазан 2014
Гимнастика бапкері баланы ұрғаны үшін жұмыстан шеттетіледі Видеодағы кішкентай қыз бала жаттықтырушының туысқаны болып шықты.
09 қазан 2014
Бапкердің баланы ұрғаны түсірілген видеоны полиция тексеретін болады Кадрден бапкер әйелдің кішкентай қызға қатты зекіп жатқаны және оны басынан, мойны мен арқа тұсынан бірнеше рет ұрғаны көрініп тұр.
09 қазан 2014
Ақтөбе облысындағы көпбалалы отбасы қыста үсіп қалуы мүмкін Бұл отбасының бар табысы отағасы табатын 30 мың теңге және ай сайын балаларға берілетін 15 мың теңге ғана. Ол ақша бала-шағаның киімі мен күнделікті тамағынан артылмайды.
07 қазан 2014
Алматыдағы көрмеге лейкоз және гемофилияға шалдыққан балалардың еңбектері қойылды Статистика бойынша Қазақстанда жыл сайын 15 жасқа дейінгі балалардың 350-400-і қатерлі ісікке шалдығады. 2011 жылы есепте 1289 бала тұрған, 284 бала гемофилиямен ауырады.
02 қазан 2014
Сыныптасын өлтірген оқушы мектепте заңды түрде білім алған Бұл туралы Білім және ғылым министрі Аслан Сәрінжіпов айтты.
02 қазан 2014
Динара Сәдуақасова әлемнің үш дүркін чемпионы атанды Қазақстандық гроссмейстер Динара Сәдуақасова ОАР-да өтіп жатқан шахматтан әлем біріншілігінде 18 жасқа дейінгі спортшылар арасында топ жарды.
01 қазан 2014
Семейде оқушылардың жаппай улану себебі белгілі болды Асхана қызметкері сальмонелла жұқтырған болып шықты.
01 қазан 2014
Қазақстанда туу көрсеткіші артып келеді Қазақстанда ана өлімі көрсеткіші 3 есеге, сәбилер өлімі 1,6 есеге азайған.
30 қыркүйек 2014
Бағалы тон үшін бауырын өлтірген қыз тұтқындалды Қадағалау ведомствосы өкілінің айтуынша, баланың өліміне себеп болған қаракүзен тонды айыпталушы ломбардқа 60 мың теңгеге өткізген.
29 қыркүйек 2014
Маңғыстауда баланы қағып кеткен жүргізуші іздестіріліп жатыр Басқұдық ауылында тұратын оқушыны қағып кеткен жүргізуші аялдап, оған көмек көрсетудің орнына жылдам ізін жасырған.
28 қыркүйек 2014
Семейде мектеп асханасынан ұшынғандардың қатары 56-ға жетті Мектеп асханасының екі қызметкері де тағамнан уланып, ауруханаға жатқызылды.
28 қыркүйек 2014
Ана өлімі көрсеткіші 65 пайызға азайды Ол Қазақстанда 2004 жылдан бері ана өлімі көрсеткіші 65%, жаңа туған балалар өлімі 2008 жылдан бері 60% азайғанын атап көрсетті.
27 қыркүйек 2014
5-сынып оқушысы өлімінің жай-жапсары белгілі болды 11 жастағы бала немере әпкесінен анасының тонын қайтаруды талап еткені үшін өлтірілген.
26 қыркүйек 2014
Қарағанды облысында балалар мінген автобусқа шабуыл жасалды Олар ВАЗ-дың ішінде отырған үш жаттықтырушыны көліктен шығарып алып, сабап, жарақаттағыш пистолетпен қорқытқан.
26 қыркүйек 2014
Жоғалып кеткен 11 жастағы Леон Серікбаевты өз туысы өлтірген Леон Серікбаевті өлтірген күдікті әйел баланың анасының туысы болып шықты.
26 қыркүйек 2014
Реклама
Реклама
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная
Иконка Tengri health