бойынша жаңалық Үкім

Павлодарда үш адамды қағып өлтірген мас жүргізуші 10 жылға сотталды Сотталған азамат көлікті мас күйінде жүргізген. Жаяу жүргіншілердің екеуі оқиға орнында, ал үшінші адам ауруханада қайтыс болды.
19 қаңтар 2015
"Қазпоштадан" ақша ұрлаған Ресей азаматы 3,5 жылға сотталды Ұрланған ақшаның жартысы тергеу барысында табылып, пошта бөлімшесіне қайтарылды. Енді сот үкіміне сәйкес, Табанбаевтың мүлкі тәркіленеді.
15 қаңтар 2015
Шымкентте атыс қаруын алып жүрген азамат үш жылға сотталды Оны тінту барысында сот-баллистикалық сараптамасының қорытындысы бойынша, атыс қаруына жататын "ТТ" маркалы тапаншасы табылды.
14 қаңтар 2015
Вьетнам соғысының ардагері 17 жыл бұрын істеген қылмысы үшін өлім жазасына кесілді Бреннан 1998 жылы қаңтарда соқпақ жолда сағатына 100 миля жылдамдықпен жүргені үшін оны тоқтатқан шерифті атып өлтірген.
14 қаңтар 2015
Джеки Чанның ұлы есірткі үшін жарты жылға сотталды Ол енді жарты жыл түрмеде отырудан бөлек 2000 юань немесе 322 доллар айыппұл төлеуі тиіс.
09 қаңтар 2015
Қызылорда облысында қарасора өсірген үш адам сотталды Сот үкіміне сәйкес қылмысты ұйымдастырған азамат 13 жылға, ал қалған екеуі 11 жылға бас бостандықтарынан айырылды.
06 қаңтар 2015
Оқушыны зорлағаны үшін сотталған адамның жазасы жеңілдетілді Сотталушы қызға өтемақы төлеген, басқа үш сотталушыға қатысты іс тараптардың ымыраласуымен аяқталды.
02 желтоқсан 2014
Қазақстандықтар Минскідегі кісі өлімі үшін 23 жылға сотталды Қаскүнемдер олардың денесіне көп жерден пышақ жарақатын салып, оларға тиесілі үлкен көлемді сомадағы ақшаны иемденген.
28 қараша 2014
Келінін басынан үтікпен 29 рет ұрған 86 жастағы зейнеткерге бір жыл шартты жаза берілді Зинаида Васева қасақана емес, ашу-ыза үстінде кісі өлтіруге айыпты деп танылды.
27 қараша 2014
16 жастағы қызды өлтірген таксист 18 жылға сотталды Жәбірленуші тарап бостандықта сотталушының сыбайластары болуы мүмкін деп топшылайды.
25 қараша 2014
Прокурорлар Айсұлу Жамбарбекті өлтірген адамға 19 жыл жаза сұрайды 36 жастағы такси жүргізушісі өз кінәсін ішінара мойындап, жалғыз әрекет етпегенін айтқан.
20 қараша 2014
Жиенін зорлап келген ақтөбелік педофил 17 жылға сотталды Сот процесі барысында прокурор зорлаушыға 16 жылға қамауды сұрады, бірақ сот одан да қатаң шешім шығарды.
07 қараша 2014
Ош оқиғаларын ұйымдастырушыға өмір бойғы жаза берілді Қадыржан Батыровқа үкім сырттай шығарылды. Ол Еуропа елдерінің бірінен саяси пана алған болатын.
04 қараша 2014
Полицейді тістеп алған астаналық екі жылға сотталды Бұзақы полицейдің оң иығын тістеп, оның иық белгісін жұлып алған да, көлігінің ашық тұрған терезесінен ішке түкіріп жіберген.
24 қазан 2014
Алматы облысының тұрғыны экстремизмді насихаттағаны үшін сотталды Сарқанд ауданының тұрғыны діни-экстремистік сипаттағы аудиофайлды басқа біреуге бергені үшін айыпталды.
08 қазан 2014
Кәмелет жасына толмаған қызды зорлаған волейбол жаттықтырушысы сотталды Жаттықтырушының үстінен Қылмыстық кодекстің 120-бабы, 3-бөлімі бойынша іс қозғалған.
10 қыркүйек 2014
Қостанай облысының полицейлері жүргізуші куәлігін заңсыз бергені үшін сотталды Қостанай облысында полиция қызметкерлері мен автомектеп директоры жүргізуші куәлігін заңсыз беріп келгені үшін шартты түрде сотталды.
10 қыркүйек 2014
Оңтүстік Қазақстанда бұрынғы шенеунік пара алғаны үшін сотталды Жеті миллион теңгеге жуық пара алғаны үшін Оңтүстік Қазақстан облысы құрылыс басқармасы басшысының бұрынғы орынбасары бес жылға сотталды.
09 қыркүйек 2014
Омбыда көлік айдап әкеткен қазақстандықтар түрмеге қамалды Ұрланған алты көліктің тек үшеуі ғана иелеріне қайтарылған.
04 қыркүйек 2014
Өскеменде бірнеше ардагерді өлтірген ерлі-зайыпты сотталды Олар Ұлы Отан соғысы ардагерлерінің ордендері мен қаражаттарын алып, үйлеріне от қойған.
30 тамыз 2014
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная