ПОДЕЛИТЬСЯ
27 қазан 2021 | 10:21
АҚШ ірі қытайлық телекоммуникациялық компаниядан лицензиясын қайтарып алды
Вашингтон ұлттық қауіпсіздікке қауіп төндіреді деп Қытайдың ірі телекоммуникациялық компанияларының бірінен лицензиясын қайтарып алды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Reuters сайтына сілтеме жасап.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Вашингтон ұлттық қауіпсіздікке қауіп төндіреді деп Қытайдың ірі телекоммуникациялық компанияларының бірінен лицензиясын қайтарып алды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Reuters сайтына сілтеме жасап.
Агенттіктің хабарлауынша, Қытайдың Мемлекеттік телекоммуникациялық компаниясы China Telecom Америка Құрама Штаттарында 60 күн ішінде қызметін тоқтату керек.
АҚШ федералды байланыс комиссиясының (FCC) өкілдері Қытай үкіметінің компанияны бақылауы "америкалық коммуникацияға қол жеткізуге, сақтауға, бұзуға және бұрыс жаққа бағыттауға" мүмкіндік береді деп мәлімдеді.
"Бұл өз кезегінде АҚШ-қа қарсы тыңшылық және басқа да зиян әрекеттермен айналысуға мүмкіндік береді", - делінген хабарламада.
Реттеуші орган Қытай үкіметінің компанияны бақылауы ұлттық қауіпсіздікке айтарлықтай қауіп төндіретінін түсіндірді.
20 жылға жуық уақыт бойы АҚШ-та телекоммуникациялық қызметтерді ұсынатын China Telecom бұл әрекетті "көңіл қалдыратын" шешім деп атады.
"Клиенттерімізге қызмет көрсетуді жалғастырып, барлық қол жетімді нұсқаны қолдануды жоспарлап отырмыз", - делінген хабарламада.
China Telecom - Қытайдың телекоммуникация нарығында үстемдік ететін үш компанияның бірі. Компанияның әлемнің 110 елінде жүздеген миллион клиенті бар, олар кеңжолақты интернет желісінен бастап мобильді және стационарлық телефон желілеріне дейін көптеген қызмет түрін ұсынады.
FCC China Telecom Americas компаниясын 2020 жылдың сәуірінде жабатынын ескертіп, компания "Қытай үкіметінің әсеріне, бақылауына ұшырайды" деп мәлімдеген. Бұл - ұлттық қауіпсіздік мәселелеріне байланысты Америка билігінің назарына іліккен соңғы қытайлық компания.
2019 жылы FCC АҚШ-тағы China Mobile лицензиясын қайтарып алған. АҚШ шенеуніктері Қытай үкіметі бұл компанияларды АҚШ-қа тыңшылық жасау немесе ұлттық мүдделерге зиян келтіру үшін қолдануы мүмкін деп танылған.
Бұған дейін Қытай телеарнасы Ұлыбританияда лицензиясынан айырылған.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также