ПОДЕЛИТЬСЯ
24 қараша 2021 | 10:29
Apple мен Amazon бәсекелестікке қарсы сөз байласты деп айыпталды
Америкалық Amazon және Apple компанияларына Италияда бәсекелестікке қарсы сөз байласуы мүмкін деп жалпы сомасы 203 миллион еуро айыппұл салынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Reuters сайтына сілтеме жасап.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Америкалық Amazon және Apple компанияларына Италияда бәсекелестікке қарсы сөз байласуы мүмкін деп жалпы сомасы 203 миллион еуро айыппұл салынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Reuters сайтына сілтеме жасап.
Италияның Бәсекелестік және нарықтық басқармасының мәліметі бойынша, америкалық компаниялар 2018 жылы Apple және Beats өнімдерін 2014 жылдан бері Apple бөлімшесі - италиялық Amazon.it сайтындағы ресми және бейресми сатушыларға сатпауға келісті, бұл Еуропа Одағының ережелерін бұзады. Келісімге сәйкес, тек Amazon және бірнеше басқа компаниялардың Apple өнімдерін сату құқығы болды.
Италиялық реттеуші Amazon-ға 68,7 миллион, Apple-ге 134,5 миллион еуро айыппұл салды. Cондай-ақ, шектеулерді алып тастап, Apple және Beats түпнұсқа өнімдері делдалдарының Amazon.it сайтына кіруін талап етті.
Apple айыппұлдың нақты негізі жоқ екенін айтып, шектеулер тұтынушыларға шынайы құрылғыларды сатып алуға кепілдік беретінін айтты. Amazon да компанияның бизнес-моделіне қайшы келеді деп айыптаудан бас тартты. Екі компания да бұл шешімге қатысты сотқа шағымдануға ниет білдіріп отыр.
Бұған дейін Еуропа Одағының елдері Amazon, Apple, Alphabet (Google) және Facebook сияқты технологиялық алыптардың әсерін шектеу үшін жалпы ережелер қабылдағысы келетінін мәлімдеген болатын.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также