01 қараша 2021 | 17:31

Қазақстан бойынша ХҚКО жұмысында ақау шықты

Жансая Қадыржанова Корреспондент

Қазақстан бойынша ХҚКО электронды жүйесінде ақау шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Ақпаратты "Ұлттық ақпараттық технологиялар" АҚ растады.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Қазақстан бойынша ХҚКО электронды жүйесінде ақау шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Ақпаратты "Ұлттық ақпараттық технологиялар" АҚ растады.

Елорданың мамандандырылған ХҚКО-на келгендер ақау шыққанына шағымданды. Олардың айтуынша, ғимаратта халық көп болған, кезек қозғалмаған. Азаматтарға жүйенің жұмысында ақау болғаны және бүгін оның түзетілмейтіні хабарланды.

"ҰАТ" АҚ Халыққа қызмет көрсету орталықтарында талондарды беру бойынша жүйенің жұмысындағы ақауларға байланысты азаматтарды электрондық кезек бойынша қабылдауда проблемалар байқалғанын, қазір ақауларды жою бойынша жұмыстар жүргізіліп жатқанын мәлімдеді.

Реклама
Реклама

Кейінірек компания техникалық ақауға байланысты мемлекеттік қызметтерді еліміздің ХҚКО операторлары арқылы алу қолжетімсіз екенін қосымша хабарлады.

"Ұлттық ақпараттық технологиялар" АҚ мен Мемлекеттік корпорацияның мамандары туындаған мәселені шешу үшін жұмыс істеп жатыр. Азаматтардан жағдайға түсіністікпен қарауды сұраймыз", - деп хабарлады"ҰАТ" АҚ.

Баспасөз қызметінде қызметтердің көпшілігі әлі де электрондық үкімет порталында онлайн режимінде, Egovkzbot 2.0 телеграм-бот және Egov mobile мобильді қосымшасы арқылы қолжетімді екенін атап өтті.

"Қажет жағдайда ХҚКО-да орналасқан өз-өзіне қызмет көрсету секторларындағы қызметкерлерімізге кеңес алу үшін жүгіне аласыз. Мемлекеттік корпорация клиенттерімізден қолайсыздық үшін кешірім сұрайды", - деп түсіндірді компания.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная