19 қазан 2020 | 15:45

Назарбаев Университеті қазақстандық студенттердің стартап жобасына қолдау көрсетті

Фото: kom-dir.ru

Назарбаев Университеті қазақстандық студенттердің стартабына қолдау көрсетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Назарбаев Университеті қазақстандық студенттердің стартабына қолдау көрсетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Олар репетиторлар мен оқушыларға арналған емтиханға дайындалуға, шетелдік жоғары оқу орнына түсуге немесе тілдерді үйренуге көмектесетін қосымша жасаған.

Реклама
Реклама

Жаңа платформа SanaX деп аталады. Оның көмегімен Қазақстан және әлемнің басқа да жоғары оқу орындарына түскен студенттер қазақстандық оқушылар мен білім алғысы келетін азаматтарға көмектесе алады. 

"Оқушы репетиторға қоңырау шалып, білім сапасын бағалаудың, ал репетиторға оқушыларды іздеп, оқу бағдарламасын құрудың керегі жоқ. Әдетте мұның бәрі көп уақытты алады. Енді бұл уақытты сабақ оқытуға жұмсауға болады. Бізде мұны арнайы бағдарлама жасайды. Бұл танымал Uber және Indriver такси қызметтер сервисін пайдалану сияқты", - дейді жобаның негізін қалаушылар - Гонконг университетінің студенттері Санжар Бидайбек және Нұрдәулет Кемелбеков.

"Қазіргі таңда мен Гонконг ғылым және технологиялар университетінде оқимын. Ал Нұрдәулет мұнда толық емес ставкада оқытушы болып жұмыс істейді. Студенттер арасында бос уақытында репетиторлықпен айналысу, оқушыларға емтиханға дайындалуға көмектесу жиі кездеседі. Осылайша, қосымша табыс табуға болады. Әлемде бұл үрдіс өте танымал", - дейді Санжар Бидайбек.

Жаңа қосымшаны жасау туралы идея Санжар мен Нұрдәулетке Назарбаев Университетінің NURIS (Nazarbayev University risk-taking Inspiration Synergy) инновациялық кластері жанындағы стартаптар арналған инкубациялық бағдарламаға қатысу барысында келіпті. NURIS - стартаптар мен бизнес-идеяларды дамытудың алғашқы сатысындағы қолдау бағдарламасы. Ол туралы толығырақ мына жерден білуге болады.

"Біз видео түсіріп, идея туралы әңгімелестік. Кейін оны жюри мүшелеріне ұсындық. Үш ай бойы Назарбаев Университеті бізге идеяны жүзеге асыруға көмектесті", - дейді Санжар.

Бидайбектің айтуынша, платформаның негізі аудиториясы - оқушылар мен студенттер.

"Мұнда білім алу толығымен онлайн жүргізіледі. Біздің репетиторлар - әртүрлі елде оқитын және жұмыс істейтін студенттер мен мамандар. Командамызда Оңтүстік Корея, Гонконг, Канададағы және Назарбаев Университетінің студенттері бар", - дейді Санжар Бидайбек.

Санжар мен Нұрдәулет 2021 жылдың басында жобаны толық іске қосуды жоспарлап отыр.

Олардың пікірінше, кез келген талантты, идеясы бар қазақстандық Назарбаев Университетінің арнайы бағдарламасына қатыса алады. Онда өз стартабыңызды дамыту бойынша кешенді қолдау алуға болады, яғни бизнес - білім беру саласынан, жеке менторлық және сараптамалық қолдаудан бастап, Назарбаев Университеті жанындағы арнайы зертхана мен экспериментті цех базасында прототиптер жасауды қаржыландыру мен қолдауға дейінгі мүмкіндік бар. Бағдарламаға қатысу тегін, оған барлығы қатыса алады - nuris.nu.edu.kz/incubation.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная