Мектеп бітіру кештері: министрлік ата-аналар мен директорларға ескерту жасады

Мектеп бітіру кештері: министрлік ата-аналар мен директорларға ескерту жасады Фото:depositphotos.com

Қазақстанда орта білім беру ұйымдарында мектеп бітіру кештерін өткізуге қойылатын талаптар нақтыланды. Бұл туралы Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды Tengri Edu.

Қазақстанда орта білім беру ұйымдарында мектеп бітіру кештерін өткізуге қойылатын талаптар нақтыланды. Бұл туралы Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды Tengri Edu.

Ведомство мәліметінше, қабылданған шаралар оқушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, олардың құқықтарын қорғауға және құқық бұзушылықтардың алдын алуға бағытталған.

Мектеп бітіру кештерін мектептен тыс жерде өткізуге жол берілмейді.

Реклама
Реклама

"Аттестат тапсыру рәсімі тек білім беру ұйымдарының ғимараттарында ғана өткізіледі", - деп хабарлады министрлік өкілдері.

Сондай-ақ білім алушылардан, олардың ата-аналарынан немесе заңды өкілдерінен ақша және өзге де материалдық құндылықтар жинауға қатаң тыйым салынады.

Бұдан бөлек әкімдіктерге қаржылық шығындарсыз тәрбиелік және мәдени-ағартушылық іс-шараларды ұйымдастыру, сондай-ақ түсіндіру жұмыстарын жүргізу тапсырылды.

Ішкі істер органдарына қоғамдық тәртіп пен оқушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, сондай-ақ құқық бұзушылықтардың алдын алу бойынша шаралар қабылдау жүктелді.

Еске сала кетейік, бұған дейін Алматыдағы мемлекеттік мектептердің бірінде 11-сынып оқушыларының ата-аналары мектеп бітіру кешіне ірі көлемде ақша жиналатынына шағымданып, дау туындаған болатын. Аналардың бірінің айтуынша, түлектердің отбасыларынан ондаған миллион теңге жинау жоспарланған. Тексеруден кейін мектеп басшылығы мен аудандық білім бөлімі жауапкершілікке тартылды.

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама