“Ақ билет“ алып беремін“. Ақмола облысыда дәрігер әскерге шақырылғандарды алдаған

Фото:depositphotos.com

2026 жылдың наурызында Ақмола облысының полициясына өзін дәрігермін деп таныстырған белгісіз ер адамның үстінен үш жігіттен арыз түсті. Ол әскерге шақыруды кейінге қалдыруға көмектесуге уәде берген. Алайда арызданушылар не құжатты, не ақшаны ала алмаған. 14 сәуірде сот дәрігерге қатысты үкім шығарды. Мән-жайды TengriHealth тілшісі анықтап көрді.

2026 жылдың наурызында Ақмола облысының полициясына өзін дәрігермін деп таныстырған белгісіз ер адамның үстінен үш жігіттен арыз түсті. Ол әскерге шақыруды кейінге қалдыруға көмектесуге уәде берген. Алайда арызданушылар не құжатты, не ақшаны ала алмаған. 14 сәуірде сот дәрігерге қатысты үкім шығарды. Мән-жайды TengriHealth тілшісі анықтап көрді.

Схема қалай жұмыс істеген?

"Сот кабинетінен" алынған ақпаратқа сәйкес, Целиноград аудандық емханасының 30 жастағы жалпы практика дәрігері А. М. 2025 жылдың күзі мен қысында емделушілерінің таныстарына әскерге шақыруды кейінге қалдыруға көмектесуді ұсынған.

Жарнама
Жарнама

Ол мессенджерлер арқылы байланысып, "ақ билет" рәсімдеп бере алатынына сендірген. Өз қызметі үшін орта есеппен 350 мың теңге сұраған.

Алғашқы оқиға 2025 жылғы қазанда болған. Қабылдау кезінде емделушілердің бірі дәрігерге әскерге шақыруды кейінге қалдыруды қалайтын таныстары бар екенін айтқан. Содан кейін А. М. оған өзі хабарласып, "мәселені шешіп беруді" ұсынған.

"А. М. жәбірленушіге әскерге шақыруды кейінге қалдыру туралы ұсыныс жазып, жігітті алдап, "ақ билет" жасап бере алатынына сендірген. Бірақ бұл үшін қызмет ақысы ретінде 350 мың теңге көлемінде ақша аудару қажет екенін айтқан", - делінген үкімде.

Нәтижесінде жәбірленуші дәрігерге бірнеше төлеммен барлығы 550 мың теңге аударған.

Жаңа құрбандар

Мұнымен дәрігер тоқтап қалмаған. Желтоқсанда ол дәл осы схеманы жалғастырған. Жәбірленушілердің бірі оған әскерден кейінге қалдыруға көмектесуін сұрап, өзі жазған.

"Дәрігер мұндай қызметті көрсетуге мүмкіндігі жоқ екенін біле тұра, өзінің қызметтік жағдайын пайдаланып, жәбірленушінің сеніміне кірген және "ақ билет" жасап беруге уәде берген. Кейін 350 000 теңге көлемінде ақша аударуды сұраған".

Іс материалдарына сәйкес, кейінірек А. М. "клиентіне" медициналық комиссиямен келісіп қойғанын, бірақ олардың "ставканы" көтергенін, сондықтан тағы 10 мың теңге табу керектігін айтқан.

Біраз уақыттан кейін жігіт қосымша соманы аударған. Дәрігер осындай әдіспен тағы бір адамды алдап соққан. Сот дәрігердің барлық ақшаны өз қажетіне жұмсағанын анықтады.

Сот шешімі

Тергеу барысында ер адам кінәсін толық мойындап, өкінетінін жеткізді. Сондай-ақ ол жәбірленушілерге барлық ақшаны қайтарғаны туралы қолхаттарды ұсынды.

"Шығынның толық өтелуіне байланысты жігіттер іс бойынша азаматтық талап арыздардан бас тартатынын мәлімдеді", - делінген үкімде.

Нәтижесінде дәрігер ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабы 4-бөлігінің 3-тармағы бойынша кінәлі деп танылып, оған үш жыл алты ай мерзімге бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалды. Сондай-ақ ол бір жыл мерзімге медициналық ұйымдарда медициналық қызмет көрсету құқығынан айырылды.

Шешім заңды күшіне енді.

Tengrinews

Жарнама
Жарнама