Алматылықтар аллергия басталғанына шағымданып жатыр: бұған қандай ағаштың тозаңы әсер етеді?

Айнұр Қапышова Корреспондент
Алматылықтар аллергия басталғанына шағымданып жатыр: бұған қандай ағаштың тозаңы әсер етеді? Фото:depositphotos.com

Ғалымдар Алматы ауасында қазір қандай өсімдіктердің тозаңы барын айтып, кейінгі күндері қала тұрғындары неге мұрын бітелу, көз қышу, жөтел мен демікпенің күшеюіне жиі шағымдана бастағанын түсіндірді, деп хабарлайды TengriHealth.

Ғалымдар Алматы ауасында қазір қандай өсімдіктердің тозаңы барын айтып, кейінгі күндері қала тұрғындары неге мұрын бітелу, көз қышу, жөтел мен демікпенің күшеюіне жиі шағымдана бастағанын түсіндірді, деп хабарлайды TengriHealth.

Ауадағы негізгі аллергендер

Әлеуметтік желілерде алматылықтар денсаулығының нашарлағанын айтып, басқалардан симптомдармен қалай күресіп жатқанын сұрап жатыр. Қазақстандық ғалым Қайсар Табынов пен жоғары санатты аллерголог-иммунолог Тайыр Нұрпейісов Facebook-та қалада не болып жатқанын түсіндірді.

Реклама
Реклама

Олар 2026 жылғы 26–29 наурыз аралығындағы KazNARU халықаралық вакцинология орталығы жүргізген тозаң мониторингінің деректерін талдап, негізгі аллергендер туралы айтты.

Сарапшылардың мәліметінше, қазіргі басты аллерген - Ulmaceae тұқымдасына жататын ағаштардың тозаңы, яғни қарағаш пен оның туыстары. Нұрпейісовтың айтуынша, дәл осы қарағаш алматылықтар шағымданып отырған симптомдардың негізгі себебі. Оның тозаңының шоғырлануы, әсіресе қаланың ескі аудандарында жоғары деңгейде қалып отыр.

Келесі маңызды аллерген - кипарис тұқымдастары: туя мен арша. Ғалым мен дәрігердің айтуынша, олар әзірге шекті деңгейге жетпегенімен жергілікті әсер етеді.

"Тозаң ауыр болғандықтан, ол ағаштардың маңында көбірек шоғырланады. Сол себепті үйінің жанында туя өсетін адамдар зардап шегеді", - деді ғалымдар.

Сондай-ақ адамның жағдайына астық тұқымдастар әсер етеді. Қазір олардың тозаң тарату маусымы енді басталып жатыр, бірақ алдағы апталарда арта түседі, дейді сарапшылар.

Басқа аллергендер қатарында мамандар қандағаш, орман жаңғағы мен талды атады. Бірақ олардың тозаңының шоғырлануы әзірге төмен және айтарлықтай әсер етпейді.

Аллергиясы бар адамдарға кеңес

Табынов пен Нұрпейісов жағдайдың нашарлауын бірнеше фактордың қатар келуімен түсіндіреді: қарағаштың тозаңдану шыңы, қылқанжапырақтылардың жергілікті тозаңы және астық тұқымдастар маусымының басталуы.

"Бұл өсімдіктердің барлығы жел арқылы тозаңданады, сондықтан ауаға оңай таралатын өте көп мөлшерде тозаң бөліп, сезімтал адамдарда симптомдар тудыруы мүмкін", - деп қосты сарапшылар.

Тілшімен әңгімесінде Тайыр Нұрпейісов Қазақстанда ауадағы тозаңның нақты шоғырлануын зерттеу былтыр жазда ғана басталғанын, бұл елдегі алғашқы осындай зерттеу екенін айтты. Ал аллергия маусымы әдетте наурыздың соңында басталады.

"Ағаш тозаңына аллергиясы бар науқастарға мүмкіндігінше далада аз болуды, әсіресе жаңбыр алдында және жел соғатын ауа райында сақ болуды ұсынамын", - деп қосты дәрігер.

Сонымен қатар ол антигистаминдік препараттарды тек симптомдарды уақытша басатын шара деп атап, мамандарға жүгінуді ұсынды.

Бұған дейін, Алматы тұрғындарының 40 пайызына жуығы маусымдық аллергияға ұшырауы мүмкін екені, ол көктемде ағаштар пен шөптердің гүлдеуіне байланысты күшейетіні хабарланған. Бұл ретте, көпшілік оның белгілерін кәдімгі суық тиюмен шатастырып, антибиотиктермен өз бетінше емделеді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Автор сұрағы
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама