“Екпеден кейінгі бедеулік“ және ұлдарды АПВ-ға қарсы вакцинациялау: сарапшылар танымал сұрақтарға жауап берді

Фото:depositphotos.com

Алматыда 2026 жылдың алғашқы төрт айында онкологиялық аурулардың екі мыңға жуық жаңа жағдайы анықталды. Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Алматыдағы онкологиялық көмек мәселелері талқыланып, қыздарға адам папиллома вирусына (АПВ) қарсы вакцинацияны кеңейту туралы айтылды, - деп хабарлайды TengriHealth.

Алматыда 2026 жылдың алғашқы төрт айында онкологиялық аурулардың екі мыңға жуық жаңа жағдайы анықталды. Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Алматыдағы онкологиялық көмек мәселелері талқыланып, қыздарға адам папиллома вирусына (АПВ) қарсы вакцинацияны кеңейту туралы айтылды, - деп хабарлайды TengriHealth.

Ерте диагностика және ауруды анықтау көрсеткішінің артуы

2026 жылдың алғашқы төрт айында Алматыда мамандар онкологиялық аурулардың 1962 жаңа жағдайын анықтады. Бұл ретте диагноздың басым бөлігі ерте сатыларда қойылып жатыр.

Жарнама
Жарнама

"Ауруды анықтау көрсеткішінің артуы сырқаттанушылықтың өсуін білдірмейді. Бұл – Алматы қаласының емханаларында скринингтік жұмыстар тиімді жүргізіліп жатқанының көрсетікіш, ол диагнозды ерте сатыда анықтауға мүмкіндік береді", - деді Алматы онкологиялық орталығы директорының орынбасары Жанна Қожаева.

Бүгінде қаладағы онкологиялық аурулар құрылымында көш бастап тұр:

  • сүт безі қатерлі ісігі - 17,1 пайыз;
  • колоректальды қатерлі ісік - 10,5 пайыз;
  • қалқанша безінің қатерлі ісігі - 5,7 пайыз;
  • өкпе қатерлі ісігі - 5,5 пайыз.

"Қатерлі ісіктерді 0–I сатыда ерте анықтау көрсеткіші 44,6 пайыз болды. Сонымен қатар, қатерлі ісіктің асқынған III–IV сатыларының үлесі 5,6 пайызға дейін төмендеді", - деді Қожаева.

Сарапшының айтуынша, қазір Алматыда 38 мыңға жуық пациент онкологиялық аурулар бойынша диспансерлік есепте тұр. Әрбір бесінші пациент өзге өңірлерден келеді.

АПВ-ға қарсы вакцинация

Сонымен қатар Алматыда адам папиллома вирусына қарсы вакцинация бағдарламасы жалғасып жатыр. Бүгінде 11-13 жас аралығындағы 15 мыңнан аса қыз бала екпе алды. Бұл туралы Алматы онкологиялық орталығы директорының орынбасары Райхан Болатбекова мәлімдеді.

Мониторинг жүргізілген бүкіл кезеңде Алматыда ауыр жанама әсерлердің бірде-бір жағдайы тіркелген жоқ", - дейді маман.

Сондай-ақ ол вакцинациямен қамту көрсеткіші жыл сайын артып келе жатқанын атап өтті. Болатбекованың мәліметінше, 2024 жылдың аяғында 5077 қыз екпе алса, 2025 жылы бұл көрсеткіш 7544-ке дейін өскен, ал 2026 жылдың қаңтар-мамыры аралығында тағы 2777 жасөспірім екпе алған.

Еске салайық, 2026 жылғы мамырда Қазақстанда 14 жастан 17 жас 11 ай 29 күнге дейінгі жасөспірім қыздарды қосымша вакцинациялау ресми түрде басталды. Ол ата-аналардың немесе заңды өкілдердің жазбаша келісімі болған жағдайда, ерікті түрде жүргізіледі.

Сарапшы жас тобын кеңейту кезінде неге бұрынғы екі кезеңдік жүйенің орнына вакцинаның үш дозалы схемасы енгізілгенін түсіндірді:

"ДДСҰ 14–15 жасқа дейін екі дозалы режимде вакцинациялауды ұсынды. Ал 14–15 жастан бастап балаларды үш дозалы режимде егу қажет, өйткені 14 жастан асқан балаларға арналған дәл осы үш дозалы бағдарламаны іске асыру кезінде ғана ұзақ мерзімді иммуногенділік немесе иммундық жауаптың сақталуы дәлелденген".

Жасөспірімдер екпені мектептерде, колледждерде және тұрғылықты жері бойынша емханаларда ала алады.

Бағдарламаны ұлдар үшін да кеңейту мүмкіндігі

Сондай-ақ мамандар АПВ-ға қарсы вакцинация бағдарламасына ұл балаларды қосу мәселесін де талқылады.

"Өздеріңіз білесіз, адам папиллома вирусына қарсы вакцинация бағдарламасын іске қосқан және бүгінде табысты нәтижелерге ие болған барлық ел қыздарды егуден бастаған. Содан кейін бағдарламаға біртіндеп ұлдарды қосты. Біз де осы елдердің үлгісін ескере отырып, ұл балалардың да вакцинация бағдарламасына енгізілуін күтудеміз", - деді сарапшы.

Оның айтуынша, бұл оларды кейбір онкологиялық аурулардан қорғауға мүмкіндік береді.

Райхан Болатбекова үкімет ұлдарды АПВ-ға қарсы вакцинациялау бағдарламасына қосу мәселесін қарастырып жатқанын, бірақ әзірге нақты мерзімдері белгісіз екенін атап өтті. Бұл мүмкіндік 2027-2028 жылдары пайда болуы мүмкін.

Сонымен қатар, ол вакцинаның репродуктивті денсаулыққа әсері туралы кең таралған мифті жоққа шығарды.

"АПВ-ға қарсы вакцина бедеулікке әкеледі деген ақпарат - бұл ғылыми тұрғыда теріске шығарылған дезинформация", - деді Болатбекова.

Вакцина құрамында тірі вирус жоқ және ол ауру тудырмайды.

Естеріңізге сала кетейік, елде адам папилломасы вирусының төрт түрінен қорғайтын америкалық "Гардасил" вакцинасы қолжетімді.

Tengrinews

Жарнама
Жарнама