“Процедураға келмеді“. Ақмола облысында сот суррогат ананы жазалады

Суррогат ана Фото:depositphotos.com

Ақмола облысында сот алқасы ерлі-зайыпты мен суррогат ана болуға келіскен, бірақ екінші процедураға келмеген әйел арасындағы дауды қарады, деп хабарлайды TengriHealth.

Ақмола облысында сот алқасы ерлі-зайыпты мен суррогат ана болуға келіскен, бірақ екінші процедураға келмеген әйел арасындағы дауды қарады, деп хабарлайды TengriHealth.

Мән-жайы

Сот мәліметінше, 2024 жылы ерлі-зайыпты Д. есімді әйелмен суррогат ана болу туралы шарт жасасқан. Тараптар ұрықтандыруды екі рет жасап көруге келіскен.

Реклама
Реклама

Облыстық соттың баспасөз қызметі мәліметінше, алғашқы процедура сәтсіз аяқталған: суррогат анаға салынған эмбрион жатырға бітпеген.

Осыдан кейін, 2024 жылдың желтоқсанынан 2025 жылдың ақпанына дейінгі аралықта ерлі-зайыпты ұрықтандырудың екінші кезеңіне дайындық ретінде әйелге 500 мың теңгеден аса қаражат аударған. Бұл қаражат суррогат ананың тамақтануына, медициналық тексеруден өтуіне, дәрі-дәрмектер мен басқа да ілеспе шығындарға жұмсалған.

Екінші процедура 2025 жылдың наурызына белгіленгенімен, ол өтпей қалдған: әйел клиникаға келмеген. Сәуірде ерлі-зайыпты ЭКҰ процесін тоқтату туралы шешім қабылдап, медициналық орталыққа эмбрионды сақтауды тоқтату туралы өтініш береді. Бұл эмбрион жоспарланған суррогат анаға салынуы тиіс болатын.

Апелляциялық саты шешімі

Ерлі-зайыпты сотқа жүгініп, жұмсалған ақшаны қайтаруды және моральдық шығынды өтеуді талап етті. Олар жауапкердің келісімшарт талаптарын бұзып, ЭКҰ процедурасын өткізбей тастағанын алға тартты.

Бірінші сатыдағы сот талап-арызды ішінара қанағаттандырды. Әйелден медициналық тексерулерге, дәрі-дәрмектер мен жол жүру шығындарына жұмсалған 550 мың теңгеге жуық қаражат және моральдық зиян өтеу ретінде тағы 500 мың теңге өндірілді.

"Д.-ға аударылған барлық төлем ұрықтандырудың екінші әрекетіне қатысты болған. Әйел бұл процедураға қатысудан бас тартуын түсіндіру үшін кардиолог пен терапевтің қорытындысын ұсынған, онда қосымша тексеруден өткеннен кейін ғана процедураны жалғастыруға болатыны көрсетілген", - делінген хабарламада.

Нәтижесінде апелляциялық алқа бұл шешімді қайта қарап, моральдық зиянды өтеу туралы талаптың орындалуға жатпайтынын анықтады.

"Келісімшартта эмбрионды сақтау шарттары қарастырылмаған, сондықтан Д. бұған жауапты емес. Ерлі-зайыпты эмбрионды ЭКҰ процедурасын жүргізуі тиіс клиникамен жасалған келісімшарт негізінде сақтаған және олардың өз өтініші бойынша ол жойылған", - делінген сот хабарламасында.

Сот нұсқасы бойынша, эмбрионды жою туралы шешімнің Д.-ның іс-әрекетінің салдары екендігі туралы дәлелдер сотқа ұсынылмаған. Әйел тек талап қоюшылардың мүліктік құқықтарын бұзған.

Қорытындысында облыстық сот алқасының қаулысымен бірінші сатыдағы соттың шешімі өзгертіліп, моральдық зиянды өндіру бөлігінің күші жойылды. Сот алқасының қаулысы заңды күшіне енді.

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама