Тамағына кәмпит тұрып қалған: Шымкентте 65 жастағы қария ажал аузынан аман қалды

Нұрила Достарқызы Корреспондент
Дәрігерлер Фото: Шымкент денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі

Шымкентте дәрігерлер кәмпитке қақалып, тынысы тарылған 65 жастағы ер адамды аман алып қалды. Тәтті тыныс алу жолдарына түсіп, ірі бронхты толығымен бітеп тастаған, деп хабарлайды TengriHealth.

Шымкентте дәрігерлер кәмпитке қақалып, тынысы тарылған 65 жастағы ер адамды аман алып қалды. Тәтті тыныс алу жолдарына түсіп, ірі бронхты толығымен бітеп тастаған, деп хабарлайды TengriHealth.

Не болған?

Қалалық денсаулық сақтау басқармасы мәліметінше, ер адамның тыныс алуы санаулы секундта қиындап, жағдайы күрт нашарлаған. Ол жедел түрде №1 қалалық клиникалық ауруханаға жеткізілді.

Реклама
Реклама

Дәрігерлер бірден шұғыл көмек көрсетуге кірісіп, арнайы жабдықтың көмегімен кәмпитті тыныс алу жолдарынан шығарып алды.

"Дәрігерлер бөгде затты сәтті алып шығып, пациенттің тыныс алуын қалпына келтірді. Сәл кешіккенде жағдай қайғылы аяқталуы мүмкін еді", - деп хабарлады ведомство.

Көрсетілген көмектен кейін ер адамның жағдайы тұрақталды. Ол тиісті ем алып, ауруханадан шығарылды.

Tengrinews
Автор сұрағы
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама