Алматыда тағы 50-ге жуық учаске мемлекет мұқтажына алынбақ - толық тізім

Алматыда тағы 50-ге жуық учаске мемлекет мұқтажына алынбақ - толық тізім Фото: ©️ Tengrinews.kz / Болат Айтмолда

Алматы әкімдігі жер учаскелерін мемлекет мұқтажы үшін алу туралы тағы бірнеше қаулы шығарды. TengriHome мекенжайлардың толық тізімін жариялайды.

Алматы әкімдігі жер учаскелерін мемлекет мұқтажы үшін алу туралы тағы бірнеше қаулы шығарды. TengriHome мекенжайлардың толық тізімін жариялайды.

Қалалық ресми "Вечерний Алматы" газетінде жарияланған № 2/195-445 қаулыға сәйкес, Жетісу ауданында ЖЭО-2 мен ЖЭО-1 арасындағы жылу магистралін реконструкциялау үшін меншік иелерінен жер учаскелері сатып алынады.

Учаскелер келесі мекенжайлар бойынша орналасқан:

Реклама
Реклама
  • Рысқұлов даңғылы, 43;
  • Рысқұлов даңғылы, 45-үй;
  • Рысқұлов даңғылы, 52А-үй;
  • Полежаев көшесі, 168-үй;
  • Полежаев көшесі, 172-үй;
  • Яблочков көшесі, 2-үй;
  • Яблочков көшесі, 49-үй;
  • Яблочков көшесі, 55-үй;
  • Яблочков көшесі, 57-үй;
  • Шәмиева көшесі, 3-үй, 17-үй-жай;
  • Ползунов көшесі, 4-үй;
  • Туринская көшесі, 2-үй;
  • Туринская көшесі, 4-үй;
  • Туринская көшесі, 6-үй;
  • Туринская көшесі, 8-үй;
  • Туринская көшесі, 10-үй;
  • Туринская көшесі, 12-үй;
  • Туринская көшесі, 14-үй;
  • Туринская көшесі, 16-үй;
  • Туринская көшесі, 18-үй;
  • Туринская көшесі, 20-үй;
  • Туринская көшесі, 22-үй;
  • Туринская көшесі, 28-үй;
  • Туринская көшесі, 30-үй;
  • Туринская көшесі, 30/1-үй;
  • Ленский көшесі, 4/26-үй;
  • Ленский көшесі, 5-үй;
  • Ленский көшесі, 8А-үй;
  • Ленский көшесі, 24/3-үй;
  • Тюменская көшесі, 3/32-үй;
  • Тюменская көшесі, 6-үй;
  • Тюменская көшесі, 7-үй;
  • Тюменская көшесі, 7/1-үй;
  • Тюменская көшесі, 10-үй.

Тағы бірнеше қаулымен жекелеген учаскелер алынып жатыр. Мәселен, аумақты абаттандыру үшін Алмалы ауданындағы Әлімжанов көшесі, 73 мекенжайы бойынша орналасқан 15 сотық жер телімі мәжбүрлі түрде иеліктен шығарылады. Жетісу ауданында инновациялық шығармашылық орталық салу үшін 1,2 гектар жер учаскесі сүрілуге жатқызылды. Оның пошталық мекенжайы жоқ. Қаулыда оның шамамен орналасқан жері көрсетілген: Жансүгіров көшесінің батыс жағы, Д. Қонаев атындағы каналдың солтүстік жағы. Наурызбай ауданында автобус паркін салу үшін тағы үш учаске меншік иелерінен сатып алынады. Олар келесі мекенжайларда орналасқан:

  • Ақжар шағын ауданы, Егінсу көшесі, 35/17;
  • Ақжар шағын ауданы, Егінсу көшесі, 35/19;
  • Ақжар шағын ауданы, Егінсу көшесі, 35/20.

Учаскелер мемлекет қажеттілігі үшін алынып жатыр. Меншік иелері барлық сұрақ бойынша мына мекенжайға хабарласуы қажет: Алматы қаласы, Төле би көшесі, 155, 6-қабат, 602-603 кабинеттер.

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама