ПОДЕЛИТЬСЯ
Пәтерді жалға беру үшін міндетті түрде ЖК (жеке кәсіпкер) ретінде тіркелу керек пе? Қандай салықтар төлеу қажет? Декларация тапсыру міндетті ме? ТengriНome жылжымайтын мүлікті жалға беру кезінде заңды түрде жұмыс істеудің нұсқаулығын дайындады.
Мемлекеттік кірістер комитеті редакцияға заңды түрде жұмыс істеуінің төрт нұсқасы бар екенін түсіндірді:
Қазақстандықтар, егер күнтізбелік жыл ішіндегі табысы 360 АЕК-тен немесе 2026 жылы 1 557 000 теңгеден аспаса, ЖК ретінде тіркелмей-ақ жылжымайтын мүлікті жалға бере алады. Бұл туралы Кәсіпкерлік кодекстің 35-бабы 2-тармағында жазылған.
Сондай-ақ, егер сіздің жалға алушыңыз салық агентіне (мысалы, заңды тұлға немесе ЖК) жатса, ЖК ретінде тіркелмеуге болады. Мұндай жағдайда сіз төлем көзінен салық салынатын табыс алатындықтан, сіз үшін жеке табыс салығын (ЖТС) дәл сол жалға алушы төлеуге тиіс.
Егер сіз жалдамалы жұмысшылардың еңбегін пайдаланбасаңыз және табысыңыз айына 300 АЕК-тен (2026 жылы 1 297 500 теңге) аспаса, өзін-өзі жұмыспен қамтыған ретінде тіркеле аласыз.
"Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2025 жылғы 21 қарашадағы № 994 қаулысымен аталған тізбеге (өзін-өзі жұмыспен қамтығандарға сәйкес келетін қызмет түрлері - ред. еск.) 68201 "Меншікті немесе жалға алынған тұрғын жылжымайтын мүлікті жалға беру және басқару" қызмет түрі енгізілді", - деп нақтылады МКК.
Жалға беруші ЖК ретінде екі режимде жұмыс істей алады:
Тұрғын үйді ЖК ретінде жалға беру үшін салық органына қызметтің басталғаны туралы хабарлама жіберу қажет.
Егер ЖК ретінде тіркелмеген болсаңыз, салықты бәрібір төлеуге тура келеді, атап айтқанда, жеке табыс салығын (ЖТС) төлеу міндетті.
"Жеке тұлғаның жылдық табысына өз бетінше салық салынуға тиіс табыстар кіреді. Мұндай табыстарға салық агенті болып табылмайтын тұлғаларға тауарларды өткізу, жұмыстарды орындау және қызметтер көрсетуден түсетін табыстар жатады. Жеке тұлғаның мүлікті жеке тұлғаларға жалға беруінен алған табысы да өз бетінше салық салынуға тиіс табыстарға жатады", - деп түсіндірді комитеттегілер.
Бұл ретте жыл сайын 15 қыркүйекке дейін табыстар мен мүлік туралы декларацияны (270.00-нысан) тапсыру қажет. Пәтерді жалға беруден түскен табыс 1-қосымшада көрсетілуі керек:
Өзін-өзі жұмыспен қамтығандар ЖТС төлеуден босатылды, бірақ олар төрт пайыз мөлшерінде әлеуметтік төлемдерді аударуы тиіс:
Ол үшін E-Salyq Business мобильді қосымшасын жүктеп алып, электрондық цифрлық қолтаңба арқылы авторизациядан өту қажет. Егер сол жерде жалдау бойынша алғашқы чек қалыптастырылса, өзін-өзі жұмыспен қамтыған адам қызметін жүзеге асырушы болып саналады. Ал егер табыс болмаса, тиісінше чек те шықпайды, сондықтан қызметті тоқтата тұру туралы хабарлама жіберудің қажеті жоқ.
"Өзін-өзі жұмыспен қамтығандарға арналған арнайы салық режимін қолдану кезінде салық есептілігін тапсыру талап етілмейді. Табысты есепке алу, ЖТС және әлеуметтік төлемдерді есептеу E-Salyq Business мобильді қосымшасы арқылы жүзеге асырылады. Демек, осы режимді қолдану шарттарына сәйкес келетін жеке тұлға өзінің меншікті тұрғын жылжымайтын мүлкін ЖК ретінде тіркелмей-ақ жалға (қосалқы жалға) беру қызметін жүзеге асыруға құқылы", - деп хабарлады Мемлекеттік кірістер комитеті.
Егер жалпыға бірдей белгіленген салық салу тәртібі бойынша жұмыс істесеңіз, онда ЖТС мөлшері сіздің табысыңызға байланысты болады:
Жылына бір рет кәсіпкерлік қызмет бойынша ЖТС декларациясын (220.00-нысан) тапсыруға тура келеді.
ЖТС төлеуден бөлек, жалпыға бірдей режимдегі және "оңайлатылған" режимдегі ЖК мыналарды төлеуге міндетті:
Төлемдерді банктік қосымшалар немесе "Қазпошта" бөлімшелері арқылы төлеуге болады.
Егер ЖК оңайтылған декларация негізінде жұмыс істесе, ЖТС мөлшерлемесі төрт пайыз болады. Өңірлерде және республикалық маңызы бар қалаларда жергілікті мәслихаттар оның мөлшерін екі пайызға дейін төмендете алады.
Жарты жылда бір рет декларация (910.00-нысан) тапсыру қажет.
Декларацияны бірнеше тәсілмен тапсыруға болады:
Қысқаша статистика. 2026 жылғы 1 маусымдағы мәлімет бойынша:
Аударған: Дина Шәріпхан