Қазақстанда 1-сыныпқа құжат қабылдау мерзімі кейінге шегерілді

Дина Шарипханова Корреспондент
Қазақстанда 1-сыныпқа құжат қабылдау мерзімі кейінге шегерілді Фото:depositphotos.com

Қазақстанда 1-сыныпқа құжат қабылдау мерзімі кейінге шегерілді. Бұл туралы өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова хабарлады, - деп хабарлайды Tengri Education.

Қазақстанда 1-сыныпқа құжат қабылдау мерзімі кейінге шегерілді. Бұл туралы өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова хабарлады, - деп хабарлайды Tengri Education.

Оқу-ағарту министрлігі былтырғы тәжірибені зерттей келе, 1-сыныпқа балаларды қабылдау науқанын 1 сәуірден 27 мамырға ауыстыру туралы шешім қабылдаған.

Бұл өзгеріс "құжаттарды қабылдауды тиімді әрі сапалы ұйымдастыру мақсатында", сондай-ақ оқу процесіне кедергі келтірмеу үшін енгізілген.

Реклама
Реклама

"Биыл құжат қабылдау 27 мамыр, сәрсенбі күні басталып, 31 тамызға дейін жалғасады. Қазіргі уақытта база бірнеше рет тестілеуден өтіп жатыр; ата-аналар үшін барынша қолайлы жағдайлар жасалды, олар туралы қосымша хабарлаймыз", -деді министр.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Автор сұрағы
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама