Қазақстанның тағы бір қаласында жасырын патрульдер пайда болды

Қазақстанның тағы бір қаласында жасырын патрульдер пайда болды Видеодан кадрлар

Ақтөбеде демалыс күндері жасырын патрульдер жүргізушілерді бақылады, - деп хабарлайды Tengri Auto.

Ақтөбеде демалыс күндері жасырын патрульдер жүргізушілерді бақылады, - деп хабарлайды Tengri Auto.

Жолдарда тану белгілері жоқ автомобильдер жұмыс істеген, олар жалпы ағынмен жүріп, өрескел заңбұзушылықтарды: "шахмат" стилінде жүруді, қауіпті жолақ ауыстыруды, өзге көліктердің алдын кесіп өтуді және басқа да қатерлі маневрлерді қадағалады.

Тіркелген барлық заңбұзушылық жедел түрде жақын маңдағы дәстүрлі патрульдерге беріледі, содан кейін жүргізуші жолдың келесі учаскесінде тоқтатылуы мүмкін.

Реклама
Реклама

Қанша заңбұзушы анықталған?

Полиция мәліметінше, рейд барысында өрескел заң бұзған 30-дан аса жүргізуші анықталды. Кейбірі жылдамдықты асырып қана қоймай, апаттық жағдайлар туғызған. Оларға қатысты тиісті шаралар қабылданды: заңбұзушылар жауапкершілікке тартылып, көліктері айыппұл тұрағына қойылды.

Еске сала кетейік, бұған дейін Алматы жолдарында жасырын патрульдер пайда болған еді.

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама