23 қаңтар 2023 09:28

Елена Рыбакина әлемдік рейтингте бірден 9 сатыға көтерілді

Дина Шарипханова Корреспондент
Фото: twitter.com/AustralianOpen/

Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина әлемнің бірінші ракеткасын жеңгеннен кейін, WTA әлемдік рейтингінде 9 орынға көтерілді, - деп хабарлайды Tengri Sport "Хабар 24" арнасына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина әлемнің бірінші ракеткасын жеңгеннен кейін, WTA әлемдік рейтингінде 9 орынға көтерілді, - деп хабарлайды Tengri Sport "Хабар 24" арнасына сілтеме жасап.

Елена Рыбакина Әйелдер теннисі қауымдастығының (WTA) Live-рейтингінің үздік 20-лығына кірді және онда 16-орынды иеленді. Ол 1945 ұпай жинаған.

Бұған дейін Рыбакина небәрі 25-орында болған, бірақ Australian Open ширек финалында әлемнің бірінші ракеткасы польшалық Ига Швентекті жеңіп, тізімде жоғарылады. Ол бірінші рет әлемнің қазіргі бірінші ракетасын жеңді.

Реклама
Реклама

Рыбакинаның келесі кездесуі 24 қаңтарға жоспарланған. Ол жартылай финалға шығу үшін латвиялық Елена Остапенкомен ойнайды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram