Елена Рыбакина Олимпиадада үшінші айналымға шықты

Дина Шарипханова Корреспондент
Елена Рыбакина. Фото: olympic.kz, Тұрар Қазанғапов ©

Теннистен Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина Токиода өтіп жатқан жазғы Олимпиада ойындарының үшінші айналымына шықты, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Теннистен Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина Токиода өтіп жатқан жазғы Олимпиада ойындарының үшінші айналымына шықты, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Қазақстандық теннисші швециялық Ребекка Петерсонмен кездесіп 6:2, 6:3 есебімен жеңіске жетті. 

Олимпиада турнирінің ширек финалына шығу үшін Рыбакина Арина Соболенко (Беларусь) - Донна Векич (Хорватия) жұбының жеңімпазымен шығып, жеңуі керек.

Реклама
Реклама

Еске салайық, Елена Рыбакина - теннистен Қазақстан әйелдер командасының Токио Олимпиадасында қалған жалғыз өкілі. Бұған дейін Зарина Дияс, Ярослава Шведова және Юлия Путинцева жарысты жалғастырудан бас тартқан болатын.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама