ПОДЕЛИТЬСЯ
- Басты
- 22 тамыз 2015 10:35
Ярослава Шведова жұптасып өнер көрсетуден Цинциннатиде өтіп жатқан WTA турнирінде финалға шықты
Қазақстандық теннисші Ярослава Шведова жұптасып өнер көрсетуден Цинциннатиде өтіп жатқан WTA турнирінде аустралиялық Кейси Деллакуамен бірге финалға шықты, - деп хабарлайды Vesti.kz. Жартылай финалда олар Тайвань елінің спортшылары Чуан Чиа-Цзюн мен Се Шувэйді 6:2, 7:5 есебімен жеңді. Айта кетейік, турнирдің жүлде қоры 2,4 миллион доллар.
Ярослава Шведова мен Кейси Деллакуаның финалдағы қарсыластары әзірше белгісіз. Олар Мартина Хингис (Швейцария) - Саня Мирза (Үндістан) және Хао-Чин Чань (Тайвань) - Юн Цзань Чань жұптарының жеңімпазымен кездеседі. Турнир аясындағы кездесу 23 тамызға қараған түні болады. Турнир туралы толығырақ мына жерден оқи аласыз.
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу