16 ақпан 2020 | 09:40

Қазақстандық қыз әлемнің үздік 20 теннисшінің қатарына енді

Елена Рыбакина. © instagram.com/ktf.kz

Қазақстанның бірінші ракеткасы 20 жастағы Елена Рыбакина Ресейдің Санкт-Петербург қаласындағы WTA Premier турнирінің қорытындысы бойынша Әйелдер теннис қауымдастығының рейтингісінде 19-орынға көтеріледі, - деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Қазақстанның бірінші ракеткасы 20 жастағы Елена Рыбакина Ресейдің Санкт-Петербург қаласындағы WTA Premier турнирінің қорытындысы бойынша Әйелдер теннис қауымдастығының рейтингісінде 19-орынға көтеріледі, - деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.

Қазақстан үшін бұл тарихтағы ең жоғары жетістік. Осыған дейін Қазақстанның өкілдері үздік жиырмада болған емес.

Реклама
Реклама

Айта кетейік, ұзақ уақыт бойы WTA рейтингісінде Қазақстанның рекорды 25-орын болды, оған 2012 жылғы 29 қазанда Ярослава Шведова көтерілген еді, ал 2020 жылғы 29 қаңтарда Рыбакина бұл жетістікті қайталады.

Еске салайық, турнирдің жартылай финалында Рыбакина Грециядан келген Мария Саккариді жеңді (3:6, 7:5, 6:1). Қазіргі уақытта ол әлемнің 25-ракеткасы, бірақ келесі рейтингте алты сатыға көтеріліп, WTA-да Қазақстанның жаңа рекордын орнатады.

Сонымен қатар, Рыбакина 2020 жылы WTA турнирінің финалына үш рет шықты, енді спорттық мансабындағы ұйымның үшінші атағын ұтып алуына мүмкіндік бар. St. Petersburg Ladies Trophy финалына қазақстандық спортшының қарсыласы Нидерланд елінің ракеткасы Кики Берте немесе ресейлік Екатерина Александрова болады.


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная