ПОДЕЛИТЬСЯ
07 қаңтар 2020 | 15:00
Қазақстандық теннисші әлемнің 20-ракеткасын жеңді
Қазақстанның бірінші ракеткасы Юлия Путинцева Аустралияның Брисбен қаласында WTA сериясының турнирінде әлемнің 20-ракеткасын жеңді, - деп хабарлайды Vesti.kz.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Қазақстанның бірінші ракеткасы Юлия Путинцева Аустралияның Брисбен қаласында WTA сериясының турнирінде әлемнің 20-ракеткасын жеңді, - деп хабарлайды Vesti.kz.
1/16 финалда қазақстандық теннисші әлемнің 20-ракеткасы хорватиялық Донна Векичпен кездесті. Путинцева кездесудің жеңімпазы атанды.
Есеп 6:3, 3:6, 7:5 болды. Осылайша қазақстандық спортшы қыз жарыстың 1/8 финалына өтті. Оның келесі айналымдағы қарсыласы америкалық Даниэль Коллинз болады.
Айта кетейік, Путинцева WTA рейтингінде 32-орында тұр.
Показать комментарии
Читайте также