Қазақстандық теннисші Зарина Дияс карьерасын аяқтайтынын мәлімдеді

Қазақстандық теннисші Зарина Дияс карьерасын аяқтайтынын мәлімдеді Фото © Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов

Қазақстандық теннисші, әлемнің 306-ракеткасы Зарина Дияс кәсіби мансабын аяқтайтынын мәлімдеді, деп хабарлайды Tengri Sport.

Қазақстандық теннисші, әлемнің 306-ракеткасы Зарина Дияс кәсіби мансабын аяқтайтынын мәлімдеді, деп хабарлайды Tengri Sport.

Қазақстандық теннисші әлеуметтік желідегі парақшасында кәсіби мансабын аяқтайтынын жариялады. 32 жастағы спортшы өз жазбасында жанкүйерлеріне, отбасына, сондай-ақ командасына, бапкерлері мен достарына алғыс айтқан.

Реклама
Реклама

Зарина Диястың жолы қалай басталды?

Дияс кәсіби мансабын 2000-жылдардың аяғында бастаған. Ол 15 жасында-ақ Прагадағы турнирде ширек финалға дейін жетіп, Петра Квитова секілді мықты қарсыластарын жеңіп, үлкен сенсация жасады.

2009–2010 жылдары ITF турнирлеріне белсенді қатысып, алғашқы титулдарын иеленді және әлемдік теннис қауымдастығының назарын аударды.

Мансап шыңы

Нағыз серпіліс 2014 жылы болған. Зарина Australian Open турниріне іріктеу арқылы өтіп, үшінші айналымға дейін жетті. Дәл сол маусымда ол мансабында алғаш рет Уимблдонның 1/8 финалына (4-айналым) шықты - бұл оның "Үлкен дулыға" турнирлеріндегі ең үздік жетістіктерінің бірі. 2015 жылғы Уимблдонда ол осы нәтижесін қайталады.

Сонымен қатар, 2014 жылы Дияс алғаш рет WTA турнирінің (Осакада) финалына шығып, Саманта Стосурға есе жіберді.

WTA-ның жекелей сынындағы рейтингінде ол 2015 жылдың 12 қаңтарында ең жоғарғы - 31-сатыға көтерілді. Жұптық сындағы үздік көрсеткіші - 89-орын (2015 жыл).

Мансабындағы ең жарқын сәттердің бірі - 2017 жылы Токиода өткен WTA International (Japan Women’s Open) турниріндегі жеңісі. Зарина іріктеу кезеңінен өтіп, финалда жапондық Мию Катоны (6:2, 7:5) сенімді түрде жеңіп, өзінің алғашқы WTA трофейін иеленді.

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама