06 маусым 2021 12:34

Қазақстандық теннисшілер алғаш рет "Ролан Гаррос" ширек финалына шықты

Қазақстандық Андрей Голубев пен Александр Бублик дуэті голландиялық Весли Колхоф пен Жан-Жюльен Роже жұбын жеңіп, қазақстандық теннис тарихында тұңғыш рет Франция ашық біріншілігінің ширек финалына шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚТФ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Матч 2 сағат 11 минутқа созылып, 7:6, 3:6, 6:4 есебімен аяқталды. Осы уақыт ішінде Андрей мен Александр 8 брейк-пойнттың екеуін орындай алды.

Бублик пен Голубев "Ролан Гаррос" ширек финалында Хьюго Нис (Монако)/Тим Пюц (Германия) - Ромен Арнеодо (Монако)/Бенуа Пэр (Франция) кездесуінің жеңімпазымен ойнайды.

Реклама
Реклама

Айта кетейік, бүгін, 6 маусымда "Ролан Гаррос" кортына Елена Рыбакина шығады. Қазақстандық теннисші америкалық Серена Уильямспен кездеседі.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram