01 тамыз 2022 | 08:53

Қазақстанның бірінші ракеткасы Анна Данилина үшінші рет WTA титулын жеңіп алды

Сұлу Бөлек Корреспондент
Фото: ҚТФ баспасөз қызметі

Қазақстанның жұптық сындағы бірінші, әлемнің 23-ракеткасы Анна Данилина Варшава WTA-250 турнирінің жеңімпазы атанды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚТФ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Қазақстанның жұптық сындағы бірінші, әлемнің 23-ракеткасы Анна Данилина Варшава WTA-250 турнирінің жеңімпазы атанды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚТФ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Анна Данилина германиялық Анна-Лена Фридзаммен бірге финалда жарыстың 2-ракеткалары, корт иелері Катажина Кава - Алисия Росольскамен өнер көрсетті.

Бірінші партия барысында К.Кава мен А.Росольска 3:1 есебімен алға шыққанымен, қазақстандық-германиялық жұп таразы басын аудара білді - 6:4.

Реклама
Реклама

Екінші сетте есеп 4:5 болған кезде де Данилина мен Фридзам брейк жасай алды - 5:5.

Бірақ қарсыластары қайыра брейк жасап, сетті өз есептеріне жіберді - 7:5.

Супер тай-брейкте қазақстандық-германиялық жұп 8:0 есебімен алға кетті. Бұдан кейін К.Кава мен А.Росольска есепті қысқартты, бірақ Данилина мен Фридзам мүмкіндігін жібермеді - 10:5.

Екі сағатқа созылған тартысты матчта қазақстандық-германиялық дуэт 12 брейк-пойнттың бесеуін пайдалана білді. Польшалық жұп та 5 брейкпен (7 брейк-пойнт) көзге түсті.

Осылайша, Анна Данилина өз спорт жолында жұптық сында үшінші рет WTA жарысының чемпионы атанды. Өткен жылы Гданьск (Польша) қаласында үздік шықса, биыл жыл басында Сиднейде WTA-500 турнирінің жеңімпазы болған еді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная