Михаил Кукушкин АҚШ-та өтіп жатқан "Челленджер" турнирінің финалына шықты

Михаил Кукушкин АҚШ-та өтіп жатқан "Челленджер" турнирінің финалына шықты Михаил Кукушкин. © ktf.kz

Қазақстандық теннисші Михаил Кукушкин АҚШ-та өтіп жатқан "Челленджер" турнирінің жекелей сынында финалға шықты, - деп хабарлайды Vesti.kz. Турнирдің жартылай финалында қазақстандық теннисші Уильямс Ричардты 6:2, 6:2 есебімен ұтты. 

Айта кетейік, турнирдің бірінші айналымында Михаил жапониялық Ясутаку Учияманы 6:2, 6:3 есебімен, екінші айналымда британдық Джеймс Уордты 6:3, 6:4 есебімен ұтса, ширек финалда үндіс Сомдева Девварманды 7:5, 4:6, 6:2 есебімен жеңді. Енді финалда отандасымыз кипрлік Маркос Багдатиспен ойнайды. Маркос өз кезегінде жартылай финалда жапониялық Го Саеданы 6:4, 6:2 есебімен жеңді. "Челленджер" турнирінің жалпы сыйақы қоры 100 мың доллар. 

Еске салайық, Михаил Кукушкин "Уимблдон" турнирінен кейін АТР рейтингінде 52-ші орынға көтерілген еді. Қазақстандық теннисші ол турнирдің екі кезеңінен сәтті өтіп, үшінші айналымында Рафаэль Надальға жеңіліп қалды. 

Реклама
Реклама
Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама