30 қыркүйек 2020 | 07:40

"Ролан Гаррос" Елена Рыбакинаны Қазақстанның болашақ жұлдызы деп атады

Фото: Елена Рыбакина. Фото: ubitennis.net

Францияның теннистен ашық чемпионатының ("Роллан Гаррос") Twitter желісіндегі ресми парақшасында Елена Рыбакина туралы видео жарияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Vesti.kz-ке сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Францияның теннистен ашық чемпионатының ("Роллан Гаррос") Twitter желісіндегі ресми парақшасында Елена Рыбакина туралы видео жарияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Vesti.kz-ке сілтеме жасап.

Роликте Рыбакина туралы мәлімет және 2020 жылғы жетістіктері туралы айтылды.

Реклама
Реклама

"21 жастағы Елена Рыбакина - WTA рейтингінде 18-орын. Қазақстаннан шыққан болашақ жұлдыз өткен жылмен салыстырғанда 154 орынға көтерілді. 2020 жылы он турнирдің бесеуінің финалында ойнады. 28 жеңіс - 2020 жылғы ойыншылар арасында ең үздік көрсеткіш. Негізгі мақсаты: "Әлемнің бірінші ракеткасы болу және "Үлкен шлем" турнирін жеңу" (Рыбакинаның сөзі). Рыбакина "Роллан Гарроста" өз талантын көрсетуге дайын", - делінген видеода.

Айта кетейік, Рыбакина румыниялық Сорана Кырстюді 6:0, 6:3 есебімен жеңіп, "Ролан Гаррос" турнирінің екінші айналымына шықты.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная