Серена Уильямсты маймылға теңеген тележүргізушіге айыппұл салынды

Румыниялық тележүргізуші Раду Банчу эфир кезінде америкалық теннисші Серена Уильямсты маймылға теңеймін деп айыппұл төлейтін болды. Бұл туралы Румынияның Кемсітумен күрестің ұлттық кеңесі (CNСD) сайтында көрсетілген, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Эфир кезінде Банчу теннисшіні "кө...і қызыл маймылға ұқсайды" деген еді. "Ал маймылдың бұтына шалбар кигізсең, ол корттағы Уильямстан аумай қалады", - деген болытн тележүргізуші.

CNCD директорлар кеңесі бұл сөздерді нәсілшілдік деп атап, Банчуға сегіз мың лей айыппұл салды (екі мың доллардай).

Реклама
Реклама

37 жастағы Уильямс - төртдүркін Олимпиада чемпионы және "Үлкен дуылға" турнирін жекелей сайыста 23 рет ұтқан.

Айта кетейік, журналист Раду Банчу осыған дейін Румыниядағы Молдова студенттерін мазақ етіп, ар-намысқа тиетін сөздер айтқан. Осы үшін ол істейтін телеарнаға қомақты сома айыппұл салынған еді. 

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама