Тарихи жеңіс! Қазақстандық Елена Рыбакина "Уимблдонда" топ жарды

©Reuters

Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина "Уимблдон" финалында әлемнің екінші ракеткасы тунистік Онс Жаберді жеңді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина "Уимблдон" финалында әлемнің екінші ракеткасы тунистік Онс Жаберді жеңді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

23 жастағы Рыбакина карьерасында алғаш рет "Үлкен дулыға" турнирінің шешуші матчінде ойнап, сенсациялық түрде екі сағатқа жуық өнер көрсетіп, жеңіске жетті.

Отандасымыз бірінші сетте 3:6 есебімен жеңілгенімен, екінші сетте қарсыласын 6:2 есебімен оңай ұтты. Елена үшінші сетте де керемет өнер көрсетіп, қарсыласын 6:2 есебімен қапы қалдырды.

Реклама
Реклама

Бұған дейін бірде-бір қазақстандық теннисші мұндай белесті бағындырып көрмеген. 

©️ Reuters / Елена Рыбакина "Блюдо Винус Роузуотермен".

Еске салайық, Лондондағы "Үлкен дулыға" турнирінің финалдық кездесуі елорда уақытымен 19.00-де басталды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news1
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама