Теннистен Қазақстан құрамасының капитаны карантинге жатқызылды

Ярослава Шведова. Фото zimbio.com сайтынан

Әйелдер арасында теннистен Қазақстан құрамасының капитаны Ярослава Шведова коронавирусқа байланысты карантинге жатқызылды. Бұл туралы спортшы Instagram желісіндегі парақшасында жазды, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Шведова Мәскеуден Нұр-Сұлтанға ұшып келген рейсте вирус жұқтырған жолаушы болған. 

"Бәріне карантиннен сәлем! Қазақстанның көптеген тұрғыны 12 наурызда Мәскеуден Нұр-Сұлтанға рейс туралы, осы рейсте Миланнан коронавируспен ұшқан бір жолаушы болғанын естіген шығар. Мен де сол рейсте болдым - "Индиан-Уэллс" болмай қалғаннан кейін Калифорниядан отбасыма ұшып келгенмін. Көп ұзамай осы рейстегі барлық жолаушы сияқты мені де стационарлық карантинге жатқызды", - деп жазды Шведова. 

Реклама
Реклама

Соңғы мәліметтер бойынша, Қазақстанда коронавирус жұқтырғандардың саны 8-ге жеткен. Оның алтауы - Алматыда, екеуі - Нұр-Сұлтанда. 

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама