29 шілде 2021 | 14:52

Токио Олимпиадасы: Рыбакина финалға шыға алмады, енді "қолаға" таласады

Фото: Тұрар Қазанғапов / olympic.kz

Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина Токио Олимпиадасының жартылай финалында жеңілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина Токио Олимпиадасының жартылай финалында жеңілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Рыбакина жартылай финалда швейцариялық Белинда Бенчичпен кездесті. Бірінші сетте қазақстандық теннисші 5:2 есебімен жеңіп жатып, 6:7 есебімен жеңілді. Ал екінші сетте Рыбакина қарсыласынан 6:4 есебімен басым түсті. Бірақ қазақстандық теннисші үшінші сетте қарсыласына 3:6 есебімен жол берді. Матч 2 сағат, 46 минутқа созылды. 

Енді Рыбакина украиналық Элина Свитолина мен чехиялық Маркета Вондрусова жұбының жеңілгенімен қола медальді сарапқа салады. 

Реклама
Реклама

Еске салайық, кеше қазақстандық теннисші ширек финалда әлемнің экс-бірінші ракеткасы испаниялық Гарбинье Мугурусаны жеңген болатын

Айта кетейік, қазір Қазақстан қоржынында үш медаль бар. Дзюдошы Елдос Сметов, ауыратлеттер Игорь Сон мен Зүлфия Чиншанло қола медаль иеленген болатын.  

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная