Ярослава Шведова Боготадағы турнирдің финалына шықты

Ярослава Шведова Боготадағы турнирдің финалына шықты ©Zimbio.com

Қазақстандық теннисші Ярослава Шведова Колумбияның Богота қаласында WTA сериясының Claro Open Colsanitas турнирінің финалына шықты, - деп хабарлайды Vesti.kz. Біріншіліктің жүлде қоры 250 мың доллар.

Ярослава Шведова финалға таласта турнир иесі Мариана Дуке-Мариномен кездескен еді. Айта кетейік, қазақстандық спортшы бесінші номерде өнер көрсеткен болатын. Кездесу екі сағаттан астам уақытқа жалғасып, 6:4, 3:6, 6:4 есебімен отандасымыз жеңіске жетті. Финалда оның кіммен онайтынын мына жерден біле аласыздар.

Ширек финалда Ярослава Шведова турнирдің екінші ракетасы Моника Пуигті жеңді. 16 минутқа созылған матч 7:6 (7:1), 6:2 есебімен қазақстандықтың пайдасына шешілді. Ал оның қарсыласы осыған дейін израильдық Юлия Глушконы тізе бүктірген болатын. 

Реклама
Реклама
Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама