Зарина Дияс мансабында Мария Шараповадан үшінші рет жеңілді

?аза?станды? теннисші Зарина Дияс ?ытайды? Шэньчжен ?аласында ?тіп жат?ан WTA санатында?ы халы?аралы? турнирді? жартылай финалына шы?а алмады. Отандасымыз ширек финалда ресейлік теннисші Мария Шарапова?а жол берді, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Қазақстандық теннисші Зарина Дияс Қытайдың Шэньчжен қаласында өтіп жатқан WTA санатындағы халықаралық турнирдің жартылай финалына шыға алмады. Отандасымыз ширек финалда ресейлік теннисші Мария Шараповаға жол берді, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Бірінші сетте Зарина 6:3 есебімен есе жіберді. Екінші сет басында теннисшілер бір-бір брейк алмасты. Кейінгі геймдерде қазақстандық теннисші аздап басымдыққа ие болғанмен, 3:3 есебінен кейін Марияның мысы басты. Нәтижесінде екінші сет те 6:3 есебімен ресейлік теннисшінің еншісінде кетті.

Зарина Дияс Мария Шараповамен спорттық мансабында үшінші рет кортта кездесті. Осыған дейін 2015 жылы өткен екі ойында да ресейлік теннисші жеңіп кеткен еді.

Реклама
Реклама

Қазіргі таңда Зарина Дияс WTA рейтингінде 66-орында келеді. Ал Мария Шарапова болса 59-орында тұр.

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама