Зарина Дияс WTA рейтингінде 37 сатыға көтерілді

© instagram.com/zarinadiyas

?аза?станды? теннисші Зарина Дияс жа?ар?ан WTA (?йелдер теннис ?ауымдасты?ы) рейтингінде 37 орын жо?арылап, 63-орын?а табан тіреді, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Қазақстандық теннисші Зарина Дияс жаңарған WTA (Әйелдер теннис қауымдастығы) рейтингінде 37 орын жоғарылап, 63-орынға табан тіреді, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Зарина Japan Women's Open Tennis финалында жапон теннисшісі Миа Катоны бірінші сетте 6:2 есебімен жеңсе, екінші сетте 7:5 есебімен басым шықты. Бұл отандасымыздың спорттық мансабындағы ең ірі жеңістерінің бірі. 

Қазақстандық теннисші жарыс жеңімпазы атанып қана қоймай, 280 рейтингтік ұпайға ие болды. Сондай-ақ 43 000 АҚШ доллары көлемінде сыйақы алатын болады.

Реклама
Реклама

"Бұл жеңісімді барша қазақстандықтарға арнаймын! Қолдау көрсетіп, сенім артқандарыңызға мыңда бір рахмет! Алға Қазақстан!" - деп жазды теннисші Іnstagram желісіндегі парақшасында. 

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама