Зарина Дияс WTA рейтингінде көтерілді

Зарина Дияс WTA рейтингінде көтерілді

Қазақстандық теннисші қыз Зарина Дияс WTA жаңартылған рейтингінде өз көрсеткішін жаңартты, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Зарина Дияс 1385 ұпаймен 34 орыннан 33-ке көтерілді. Отандасымыз Юлия Путинцева да 78-ші орыннан 77-ге жоғарылады. Қазақстандық тағы бір теннисші қыз Ярослава Шведова екі сатыға жоғарылап, 106-шы орынға жайғасты.

Айта кетейік, WTA рейтингінде америкалық теннисші қыз Серена Уильямс (11821 ұпай) бұрынғыша көш бастап тұр. Екінші орында ресейлік Мария Шарапова (6036), үштікте Симона Халеп бар (5546).

Реклама
Реклама

ATP жаңартылған рейтингінде ұлыбританиялық Энди Маррей үшінші орыннан екіншіге көтерілді, ол швейцариялық Роджер Федерердің алдына шықты. Рейтингте сербиялық Новак Джокович көш бастап тұр.

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама