Зарина Дияс WTA турнирінде әлемнің 15-ракеткасынан жеңіліп қалды

© zimbio.com

Қазақстандық теннисші Зарина Дияс Индиан-Уэллстегі WTA турнирінде ойынын аяқтады, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Матчтың екінші айналымында қазақстандық спортшы Беларусь теннисшісі Виктория Азаренкомен ойнады. Кездесу екі сетте өтіп, Диястың жеңілісімен аяқталды, есеп - 3:6, 2:6.

Басылымның мәліметінше, WTA рейтингінде Дияс - 87. Ал Азаренко әлемнің 15-ракеткасы. Айта кетейік, бірінші айналымда Дияс АҚШ спортшысы Джейми Лебтен басым түсті. Жарыстың жүлде қоры 6,8 миллион доллардан асады.

Реклама
Реклама

 

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама