05 мамыр 2019 | 13:48

Зарина Дияс Жапониядағы жарыста топ жарды

Камила Долаева Журналист

Қазақстандық теннисші Зарина Дияс Жапониядағы Гифу ITF турнирінің жеңімпазы атанды.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Қазақстандық теннисші Зарина Дияс Жапониядағы Гифу ITF турнирінің жеңімпазы атанды.

Осы турнирдің үшінші, әлемнің 115-ракеткасы Зарина Дияс финалда рейтингте 190-орында тұрған тайваньдық Энь Шо Лянмен күш сынасты. Қазақстандық теннисші қарсыласын 6:0, 6:2 есебімен ойсырата жеңді. Бәсеке бір сағаттан сәл астам уақытқа созылды. Осылайша Зарина Дияс жүлде қоры 80 мың АҚШ долларына бағаланған жарыстың чемпионы атанды.

Реклама
Реклама

Бұдан екі жыл бұрын қазақстандық теннисші Токио турнирінің жеңімпазы атанған еді. Бұл оның WTA турнирлеріндегі алғашқы жеңісі болатын. Аталмыш табыс әзірге жалғыз болып тұр. Енді алдағы уақытта осыны жалғастырып, бәсі мен деңгейі ITF-дан жоғары WTA жарыстарында сәтті өнер көрсетсе, рейтингісі де жоғарылар еді. Осы айдың аяғында теннисті тамашалайтын бүкіл әлемнің назары Париждегі Ролан Гаррос турниріне ауады. 

Дереккөз: inform.kz


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная