24 шілде 2021 12:58

Зарина Дияс Олимпиада ойындарында кездесуді жалғастырудан бас тартты

Сурет: inbusiness.kz

Қазақстандық теннисші Зарина Дияс Олимпиада ойындарының бірінші айналымында жарақат алып, кездесуді жалғастырудан бас тартты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Vesti.kz порталына сілтеме жасап. 

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстандық теннисші Зарина Дияс Олимпиада ойындарының бірінші айналымында жарақат алып, кездесуді жалғастырудан бас тартты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Vesti.kz порталына сілтеме жасап. 

Олимпиада ойындарының бірінші айналымында Дияс чехиялық Барбора Крейчиковамен кездескен болатын. Бірінші сетте әлемдік рейтингіде 11-орында тұрған чех қызы 5:2 есебімен жеңіп тұрған. 

Жетінші геймнен кейін қазақстандық теннисші жарақатына байланысты кездесуді ары қарай жалғастырудан бас тартты. Осылайша Дияс үшін Олимпиада ойындары аяқталды. 

Реклама
Реклама

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram