15 ақпан 2022 | 09:12

"24 сағат беремін". Зеленский Украинадан кеткен миллиардерлер мен депутаттарға үн қатты

Жансая Қадыржанова Корреспондент
© Reuters

Украина президенті Владимир Зеленский елден кеткен Жоғарғы Рада депутаттары мен олигархтарды бір күн ішінде елге оралуға шақырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Украинская правда" сайтына сілтеме жасап. 

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Украина президенті Владимир Зеленский елден кеткен Жоғарғы Рада депутаттары мен олигархтарды бір күн ішінде елге оралуға шақырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Украинская правда" сайтына сілтеме жасап. 

"Бизнесмендерге келсек... кеше ғана 30 чартер дедіңіз. Бұл бай ел екенімізді көрсетеді. Ең бастысы, олар Украинадан ештеңе алып кетпей, құр қол ұшып кетсе болғаны.

Шетелде жүргендер, түрлі партиялардың депутаттары... оларға мемлекеттен, Жоғарғы Рададан, спикерден белгі беруіміз керек. Ал өзім 24 сағат ішінде елге оралса екен деймін. Олар қайтып келуі керек деп санаймын.

Әйтпесе, мемлекет пен басшылық ретінде бәрімізге де салмақты тұжырымдар жасау керек. Сеніңіздер, солай жасаймыз", - деді Зеленский дүйсенбіде Германия канцлері Олаф Шольцпен өткен баспасөз мәслихатында.

Зеленский олигархтарға да үн қатты. Оның айтуынша, мемлекет бизнеске ықпал етпейді, бірақ олар кәсіпорындар мен қызметкерлеріне оралуы керек.

Реклама
Реклама

Бұған дейін Украин олигархтары мен бизнесмендері чартерлік рейстермен Украинадан кетіп жатқаны хабарланды. Жексенбіде Киевтен 20-ға жуық чартерлік және жеке ұшақтар шыққан. 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная